Құлағым жара болғанша тыңдайтын әндер

Қыз атаулының ханшайымы Zilolaға (она же Қалдықыз) рахмет (Жігіттің төресі деген сөзінің қарызымнан құтылдым)!

Қалайсыздар!

Плейлистімді ақтарып отырмын. Негізі бір жаман немесе жақсы әдетім бір әуенді қайталап тыңдай беремін. Кейде бірнәрсемен айналысып отырып, музыка қойылып тұрғанын тіпті ұмытып кетем. Арғы бөлмеде ұйықтап жатқан досым келіп "Садко, ауыстырш" деген кездер де болған. Жалпы ең маңыздылары былай оЩм:)

1) Музарт - Сенің көзің – жыл он екі ай тыңдай беремін. Әйтпесе, бұл өлең шыққаны қашшаааан! Арнайы Музартқа рыспек.

2) Жігіттер - Ақ келес – туған топырақты еске алыыып отыруға жақсы.

3) Табыл Досымов – Өмірзия – "несін тыңдайсың" дейтін шығар біреулер. Бұл өлеңді тыңдаса, әкем көзіне жас алады.

4) Сәкен Майғазиев – Қаладым – ойға шомып кетесің.

5) Баста – Урбан – Жәй ғана ұнайды.

6) T.I. – Whatever You Like – бұл да жақсы өлең.

7) DMX – Get It On The Floor (Feat. Swizz Beatz) – қара рэптің ханы ғой бұл жігіт. Мына өлең шыққанына көөөп болды.

8) Тимур Родригес - О тебе – Қалдықыз жақсы көргені үшін, мен де жақсы көрем

9) Bushido – Es tut mir so leid – неміс рэпіне қызығып жүрген кезімнен қалып кеткен:)

10) Джеки Чан & Kim Hee Sun – Endless Lovе – сөз жоқ жақсы өлең. Қазақша аналогы бар еді.

11) Shahrukh Khan & Kajol – Suraj Hua Maddham – бұл да көп тыңдайтын әуендерден:)

Бізде бары осы:) Жаңа ештеңе жоқ. Жаңалар шықса тыңдап қоясың ғо!



Бөлісу: