Күдікпен күрес

Айналаға қарап отырып, бұл өмірдің алдамшы екенін түсіну қиын емес. Өмірдің қызығы мен қылығына алданып жүргендер қаншама. Ех, жалған дүние ай... Қанша адамды алдар екенсің? Тек қазақ қана бұл алдамшы дүниені – "жалған" деген екен. Бұл дүниенің сырлары осы сөздердің астарында жатқандай. Мәңгілік өмірді қазағым – шын дүние дейді. Ал жалғаннан шындыққа жету – ақиқатты табу емес пе?! Жалғанды мойындау – ақиқатты іздеу деген сөз... Кімде-кім бұл дүниенің жалғандығын жүрегімен сезініп, шын дүниенің есігін нұрлы бейнемен ашуға әрекет жасаса, ол ақиқатты тапқаны. Біз, бұл өмірге келгелі, жалғанға қадам басқалы өлімге сапар шегіп келеміз. Бұл ғұмырымызды қуанышты, қызық етеміз деп, үлкен мақсаттар мен армандарға жетеміз деп, нәпсіге еріп шалыс басатынымыз, ақиқаттың бар екенін ұмытып кететініміз де шындық. Жаратқан бұл қысқа ғана ғұмырды сынақ қылған. Кеудеде жан барда әрбір адам сыналуда. Нәпсі мен иман арпалысқан кеуде... Шындық пен жалған... Кім қайсысын таңдайды, ол өз еркі. Ал мен өзімнің қайда жүргенімді білмей, дал боламын!



Бөлісу: