Күдер үзбедім

Күдер үзбедім
жеке
блог

Құлаттың сезім шыңынан,

Сүймедім деп сен мені.

Жанымды менің жандырып,

От сезім неге өртеді?

 

Ұнатып қарап шыңына,

Ұмтылып ем биікке.

Сыңарынан айрылған,

Ұқсадым жалғыз киікке.

 

Демеші,ұстап қолымнан,

Қайта биік шығайын.

Өмірден мына  түңілген,

Бағымды қайта сынайын.

 

Ертеңгіге тым қатты асығамын,

Айта алмай ойымды тосыламын.

Жүрегімнің түбіне жинап қойып,

Неліктен кімнен оны жасырамын.

 

Сан-сауалмен миымды қатырамын,

Жоғалтқандай ағаштар жапырағын.

Жабыққанда өзіме қорған етіп,

Шабытымды шыңдардан шақырамын.