ҚҰДАЙЫМ-АУ, МЕН ДЕ...

Құдайым–ау, мен де 60 жасқа жымиып, жонданып, қоңданып келіп қалыппын ғой?! Ертең 12 желтоқсан ба, не? «Алпыс–тал түс» дейді біреулер. Оның орысшасы да бар: «Шестьдесять–обед...» Сатирада жүрген ақсақалдарымыз бар, жасамысымыз бар, жастарымыз бар, бәріміз сатирадағы құрдастармыз! Мына суретке қараңыздаршы, бәріміз жастарша киініп алғанбыз, менің алпыс жасқа толуымды қошеметтеген ағаларым Ғабабс Қабышұлы,Көпен Әмірбек, Мыңбай Рәш, Үмбетбай Уайдин, Төрежан Мәндібай, Толымбек Әлімбек, Еркін Жаппасұлы, Берік Садыр, інілерім Ермахан Шайхыұлы, Нұрлыбек Жұбатқан , Нұрсұлтан Оқпанұлы бәріміз «Күлкі» кафесінде қымыз іштік, сосын «Сатира» холында қатар тұра қалып, «суретке» түстік! Ойхой, біздер де бір қауым ел екенбіз ғой? Жаса сатира!

 


Бөлісу: