Құдайға хат

Финляндияның Хельга Хилтунен атты 6 жасар кішкентай тұрғыны Рождествоның алдында Құдайға хат жазыпты. Бұл хатта 100 марка беруді сұрапты. Ол кезде Финляндия заңы бойынша мекен-жайы дұрыс жазылмаған хат президент қолына тиеді екен.

Сонымен "Құдайға жазылған хатты" Финляндияның 1956-1982 жылдар аралығында президенті болған Урхо Калева Кекконен оқиды. Кекконен қыздың өтінішін орындайын деп ойлайды, бірақ, кішкентай қызға мұнша ақша неге керек деп ойлап, тек 50 марка беруді шешеді. Президент мырза "Құдайдың жауабын" өзі апарып береді қызға.

Көп ұзамай-ақ оған қайтадан "Құдайға жазылған хат" келеді.  Ол хатта үйіне президенттің келгенін, бүкіл көше осыған таңғалғанын жаза келіп, Хельга Құдайдан келесіде президент мырзадан беріп жібермеңіз деп өтініпті. Себебі, ол марканың жартысын ұрлап алды деп жазған екен))))))))) 

Пысық қыз екен(^_^)



Бөлісу: