Құдайберген Қуанұлы Жұбанов
блог
Құдайберген Жұбанов есімі қазіргі оқырманға жете таныс емес. Өйткені көрнекті ғалым отызыншы жылдардағы, Сталиндік репрессияға iлiгiп, дүниеден ерте кеткен. Оның өнер, мәдениет саласындағы мол мұрасынан бiзге жетіп отырғаны санаулы ғана. Көп дүниелері түрлі себептермен жоғалып кеткен. Өзінің тiкелей мамандығы – тіл ғалымы болғандығына қарамастан, ұлттық мәдениетiмiздiң, өнерiмiздiң үлкен жанашыры болды. Құдайберген Жұбановтың азаматтық тұлғасы ғалымдық бiтiм- бейнесін жұртшылық назарына бүкіл ауқымға таралып, болашақ ізденістерге бастап , бағыт нұсқаған адам халқымыздың ақылгөй, дарынды да дана каламгері М.О. Әуезов болды.
Құдайберген Жұбанов өткен ғасырдың соңғы айында 1899 жылғы 19 - желтоксанда дүниеге келді. Әкесі Жұбан баласы Қуан дәулетті , шаруа қуған еңбек адамы болатын . Жұбан әулетiнiн ата қонысы Темір қазіргі Ақтөбе облысындағы Темiрорқаш болысына карасты 9 -шы ауылдағы Қосуақтам деген жер еді. Құдайберген Жұбанов 1930 жылға дейiн уездік , губерниялык оқу- ағарту бөлімдерінде қызмет істеп жур , Актөбенін педагогикалык техникумында , ал одан кейiн республиканың Халық Ағарту Комиссариатында жемiстi жұмыс істейді.
1928 жылы экстерн ретінде Ленинградтағы Енукидзе атындағы Шығыс тілдері институтын тамамдайды . 1929 жылы Қазақстан астанасы Алматыға ауысады . Осы жылдың басында Қ.Жұбановты Алматыдағы алғашкы қазақ универ- ситеті деп аталған , осы күнгі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің штатына Түркі тілдердің салыстырмалы грамматикасы кафедрасы Ғылыми қызметкер етіп шақырады да , сол жылы Ленинград институтының " Тюркологиялык семинар " деп аталатын білім орталығына жіберіледі . Ленинградқа ол інісі бірге аттанады . Мұнда ол академиктер С.Е. Малов , И.И. Мещанинов , В.А . Богородицкий Е.Д.
Поливанов сиякты көрнекті совет түркологтерінен дәріс алып , лингвистикадан теориялық бiлiмiн голыктырады. 1932 жылы аспирантураны аяктап, Алматыға оралады. Қ.Жұбановтың ғылымдағы еңбек жолы 1930 жылдардан басталады . Ленинградта оқып жүрген кезiнде" Мағынасыз сөздердің мағыналары " деген ғылыми жұмыс жазып , оны Алматы қаласында өткен Қазақстанды зерттеуші өлкелік қоғамының конференциясында жасаған баяндама ретiнде сынады . Бірақ бұл баядаманың тексті баспаға теруге жіберілген жерінен жоғалып кеткен , одан кейінгі ғылыми зерттеулерiне келсек , алдымен , белгiлi бiр цикл етiп ұсынбақ болған теориялык үлкен еңбегі " Қазақ тiлi жөнінен зерттеулер " деп аталатын жұмысын атау керек . Мұны ғалым орыс тілінде жазған . Қ.Жұбанов қазақ әдебиеті, мәдениеті, өнері жайындағы мәселелерге тоқталған . Оған " Абай - қазақ әдебиетінің классигі ” деген аяқталмаған терең мазмұнды , орасан зор еңбегімен " Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайлы ” деген мақаласы дәлел болады.
Мiне, Қ.Жұбанов ғалым ретінде өзiн ендi көрсете бастаған кезінде , әрі қарай қанаты қағылмай, үзіліп түсті.1937 жылдын караша айында жазықсыз жала жабылып “Жапон тыңшысы ”, деп оны тұтқынға алады. Қ.Жұбанов 1938 жылдың акпан айында " халық жауы " ретінде атылып кетеді . Қ.Жұбанов 1958 жылы акпан айында толык ақталады. Құдайберген ағамыздың артында қалған алды 10-11 - лерде , арты үш айлық шиеттей алты баласын , Раушан апамыз қиындықтарды көре жүріп , оқытып , тәрбиелеп , абырой - атақты азаматтар етіп тәрбиелеп шығарды . Ең үлкен қызы Мүслима Жұбанова - педагогика ғылымның кандидаты , тәжірибиелi маман , білімді ұстаз . Одан кейінгі ұлы- Араб Жұбанов СССР Суретшілер одағының мүшесі , көп жылдар көркем- сурет училищесінің директоры болып қызмет атқарды . Ұлдары Есет пен Аскар Жұбановтар филология ғылымдарының кандидаттары . Есет Жұбанов казір Ақтөбе қаласында Қ.Жұбанов қорын басқарады.Көп жылдар ҚР Fылым акаде- миясының тiл бiлiмдер институтында қызмет атқарды . Қалған балалары Қызғалдақ пен Қырмызы да әке сүйген ғылым салаларын таңдаған мұрагерлер. Профессор Құдайберген Жұбановтың 90 жылдығына арналғае конференция 1989 жылы 19 желтоқсанда өткiзiлдi. 1990ж Казактың біртуар ұлдарының бірі Қ. Жұбановтың есімін мәңгі есте қалдыру үшін оның есімі 23 ақпан ҚазақССР Министрлер советінің қаулысымен Актөбе педагогикалык институтына берiлдi.
Мүсілім Айгерім Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті www.kaznu.kz Дінтану мамандығының 3 курс студенті.
Жетекшісі ҚазҰУ, аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.