Құда бір сағаттық!
блог
Үйге барып, ескі әндерді тыңдасам ауылды сағынып кетем. Қызық неге? Сол әнді тыңдап жүрген кездер көз алдыма елестейді де тұрады. Сосын қалай үйге оралғаның, үйдегілерді оятып алмау үшін тыныш қана қақпадан секіріп түскенің, темірге ілініп қалып пиджактың екіге бөлініп жыртылып кеткені....эх су жаңа пиджак деп қоясың. Екі түймесін іздеп түнде әбден қор болған кездер-ай дейсің... Жарайды айтайын дегенім бұл емес. Кеше де осы сәттерді еске алып, ауылға қоңырау шалмаймын ба, әдетте қалта телефоны әр жерде қалып, тұтқаны ала қоймайтын анашым бір гудоктан кейін - ақ "Алло" демесі бар ма... көңіл күйі жоқ екені бірден байқалды. Илхам қулыққа көшті, мама, сіз емес, жеңешем-ау қалайсың деп жібердім сөзді. Ол да өалыспай "Не Илёш" деді әзілдеп... Сөйтті де "естідің бе" деді, сөзімді бөліп тастап. "Көрші жігіт, сыныптасың" - деді артынша. Жауабымды күтпей, "асылып қалыпты, Сол үйден енді келіп отырмын" деді. "Көгершіндеріне жем берейін деп шатырға шығып, асылып қалса керек. Көршілер қазаға дейін әйлімен айқайласып жатқанын естідік, деген сөзді шығарып үлгеріпті, сөйтіп жаназаға келгендер келінді таяқтың астына алыпты" - деген сөз өріп кетті дейді. Жарайды иманды болсын дестік. Жақында ғана үйдің терезелеріне тор орнатып беріп еді. Өзі жақсы жігіт, ойыншыққа ұқсаған қызыл матизіне отырарда "Илеке осы ауылдан жалықтым, Астанаға бізді де тартсаңшы" деп күліп кеткен сәттері ойға оралды. Мен де қалыспай, "асығыс-үсігіс үйленіп алдыңдар. енді отырыңдар ауылда"-деп ем. Телефондағы бірер сәттік үнсіздіктен кейін, келесі бір жақын жолдасым туралы сөз шықты. (Өзі аймақта танымал жігіт) Сөз байласып жүрген қызына құда жіберсе керек. Соны айтты да мамам "Илхам, сиырлардың дауысы қатты шығып жатыр. Саууым керек деп телефонды қоя салды. Қалғанын жолдас баланың өзіне хабарласып сұрап алдым. Жігіт аймақта танымал адамдардың бірі дедім ғой. Сол әсер етті ме, құда жіберсін, келсін-келсін-келсін" депті қыздың әке шешесі. Құда мың жылдық болушы еді, бірер сағатқа да созылмапты бірақ. Жарайды мен сиыр саумасам да съемкаға дайындалуым керек. Құдалардың табалдырықтан қайтқаны туралы келесі жазбада айтып берейін. Тым ұзақ болып кетсе өзім де кейде оқымайтыным бар....