"Құбыр" психологиялық тренинг ойыны "Жіптік курс"
блог
Осындай топтық жаттығулар әрқайсымызға қажетті тынығу мен сергіту түрі болып саналады. Бағдарлама барысында Сіз бірнеше әсерге бөленетін боласыз: толғанып көңіл көтересіз, өзіңіздің күшіңізді сынап, жаңа әсер алып жеңе алмайтын кедергі болып көрінген бөгетті жеңіп шығып жеңіс дәмін сезінетін боласыз!
Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру. Көшбасшыларды анықтау.
Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай)
Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.
Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады