Дүние есігін ашқан кезде, барлықтары періште сияқты таза болып өмірге келеді. Әр адам қайталанбас – тұлға,сондықтанда әрбір адамның өзіне тән мінез-құлқы қалыптасады.. Ақ пен қара сияқты адамның бойында жақсы және жаман қасиеттері болады. Сол адамдардың көре алмаушылық қызғаншақтығынан екіжүзділік,сатқындық және алаяқтық қасиеттері туындайды.
Қазіргі кезде, екіжүзді адамдар көп. Олар бір күні сізге дос болса, келесі күні сіздің артыңыздан пышақ ұрып, сізге сатқындық жасап, сіздің қас жауыңыз болып кетеді. Олар мақсатына жету үшін ештенеден тайынбайды, сонымен қатар өздерінің шынайы бет-жүзін көрсеткісі келмей, кейбір адамдар бетперде киеді. Ал мақсатына жеткен соң, кейде өздерінің шынайы бет келбеті әшкерелене бастайды. Кейбір адамдардың екіжүзділігін дауысынан, жүріс-тұрысынан, сөйлеу мәдениетінен және адамдарға деген көзқарасынан тануға болады.
Сонда екіжүзді болудың себебі неде?
Әлде осы қасиетпен адамдарды алдап, арбап табысқа жетем деп ойлай ма?
Сана-сезімінің төмен болғаны ма?
Басқа адамдарға жағып, жақсы адам болып көріңгісі келеді.
Мүмкін, рухани немесе материалдық байлықтың жетіспеушілігінен болар. Жасаған қателіктерді ой әлегінен өткізсе, өзінің қылығына өкінетін шығар.
«Сырты бүтін, іші түтін» құбыжық болмай, әрқашан шынайы болыңыздар! Сонда ғана сіз өз еңбегіңізбен табысқа жетесіз! Ішкі жан дүниеңіз таза болады және үйлесім мен тыныштықта өмір сүресіз! Ең маңыздысы рухани байлыққа кеңелесіз!
P.S Барлығы адамның санасы мен тәрбиесіне байланысты.