Қуанышты күн!
блог
Сәлем массагет...Мен бүгін өте қуаныштымын сол қуанышымды сіздермен бөліссем деймін...Қалай айтарымды білмеймін сол сезімді сөзбен айтып жеткізсем шіркін..Ал кеттік! Менің ағамның келіншегі яғни менің жеңгем олардың 4балалары бар. Жеңгем мен ағам осы жылы тағы да балалы болды. Менің ағам үйге келіп: "Сүйінші, мама келініңіздың аяғы ауыр" деп аптығып сөйледі. Сол күні барлығымыз бір марқайып қалдық, ең бастысы әулиетімізге тағы бір сәби тағы бір адам қосылады емес пе?
Бұл блогқа себеп болған кішкене періште бүгін перзентханада таңғы сағат 10:25те дүниеге келді. Шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап ол енді бір адам.
Осындай тәтті баланы қалай ғана елемейсіз..Ол да осындай сүп-сүйкімді..Осы блогты жазып отырып қандай пікірлер жазылады деп ойландым.Егер ұнамаса кешірім сұраймын, мен қуанышыммен бөліскім келді.
Ал сол кішкене періштенің есімі Айдын болды. Айдай жарқырап, әрқашан биіктерден көрінсін деген мақсатпен әжемннің қойған аты. Айтпақшы суреттегі менің жеңгем Райхан.