Қуанышты жаңалықтар көп болсын!

              Сәлеметсіздер ме! Құрметті менің Массагеттік достарым! Қал – жағдайларыңыз қалай? Сірә, шабысы көп, бітпейтін  тірліктеріңіз басталып кеткен секілді ғой .Көптен бері көрінбей кеткен адамдардың бірі болсам да, құдайға шүкір, Массагетте болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып, жаңа сиясы кеппеген шығармаларға құлақ түріп,  назарымды салып отырамын. Бұл менің, Массагеттік өнерсүйер оқырмандарыңыздың бірі екенімді және әрбір блог иесінің жазған дүниесіне атүсті қарамайтындығымды көрсетеді. Қарап отырсам, елімізде Массагет секілді, адамның рухани жағын байытуға,дамытуға, сондай-ақ шығармашылық қабілетіңді шыңдауға көмек беріп, жан сарайыңды жан-жақты (психологиялық, сән саласы, медицина,спорт т.б) дамытатын  сайттар жоқтың қасы екен, болса да бірен – саран болар. Мұның өзі Массагеттің, қоғамдағы беделінің мықты екендігін байқатады. Қазір екінің-бірінің аузында, әсіресе, жастар арасында Массагет жайлы көп айтылып жүр. Бұл, жалғыз мені ғана емес, сіздерді де қуантатыны сөзсіз. Сол үшінде осы сайтты ашқан адамға, және оның кең етек алып, қанат жаюына маңдай терін төккен журналисттер қауымына айтар алғысым шексіз. 

                                                                                                                                                  Ал, енді өз жеке басыма, яғни көптен бері көрінбей кетуімнің сырына тоқталатын болсам, менде көптегееен жақсы-жақсы жаңалықтар орын алуда. Біреу білер,біреу білмес, мен,кез- келген жанды көркем табиғатымен тамсандыратын Ақжайық өңірінің тумасымын. Бар өмірімнің кино ленталары осы жерден басталды.  

                      

               Оқу аяқталысымен-ақ ,бірден Ақ Жайыққа тарттым. Барғаным сол еді, ҰБТ- дан бір шықтым. Менің емес,әрине,көзімнің қарашығы інішегімнің.ҰБТ өз алдына бөлек әңгіме. Қорытындысын тағатсыздана күтіп тұрғанда,екінші рет бір өліп,бір тірілген шығармын. Інім емес, өзім екінші рет тапсырғандай мең-зең күйде тұрмын,керісінше,сол күннің басты рөлдегі  сомдаушысы інім мәз. Оны көріп мен мәзбін, өзімді-өзім жұбатып қоям:-Бәрі жақсы болады,Самал, уайымдама деп ...

 

               Сөйтіп, бар уайымыма айналған інішегім,бүгін,  Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 1 курс студенті.

                

                Екінші қуанышты жаңалығымның бірі-ол асқар тауыма балаған ағатайымның Ақтөбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы  Әуе қорғаныс күштері әскери институтын тәмамамдап, қасиетті ел мен жерді қорғайтын, халықтың тыныштығын қадағалайтын батыр ұлы болуға тұңғыш қадам басуы.САПАРЫҢ СӘТТІ БОЛСЫН, ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІ!


                 Міне,менің өмірім осындай жаңалықтарға толы, Алла баршамызды қуаныштан айырмасыншы!



Бөлісу: