Қуаныш сыйлаған гүл
блог
Бүгін түскі астан кейін әдеттегідей жұмысқа кірісіп, материал жазып отырғам. Гүл таситын бір агенттіктер барын білсем де, ешқашан қолданбаған едім. Міне, сол агенттіктің бір қызметкері келіп, (агенттік емес басқаша айтылатын шығар, оны білмедім) қолында бір құшақ гүлі бар, бір жерге алғандығым жөнінде қол қоюды сұрады. Мен шын айтсам таңырқап қалдым. Кімнен? Неге? жіберді екен деген сауалдар мазалап үлгерді. Бір құшақ гүлдің ішінде шағын ғана бір тілім қағаз бар екен. Ішінде "ТЫ НЕ ОДНА, Я РЯДОМ..." деп жазылған. Және де 30 мың теңгеге ұялы телефон алуға сертификат бар. Сертификат болғанда купон екен. Шыны керек, мәз болып қалдым.
Кімнен екенін білмедім. "Анау бала шығар" деген ой бар. Бірақ білмедім, ол ма, ол емеспе?! Бұл сыйлықты жіберген адам, мені жақсы білетін болса керек. Себебі, қымбат сыйлықтарды ер балалардан алмауға тырысамын. Әрбір нәрсенің "Алмақтың да салмағы бар" дегендей. Бұл жолы енді, белгісіз бір азаматтан, құдды бір романтикалық кинодағыдай жібергеніне риза болдым. Бұлай гүл алуым алғаш рет.
Бұл жазбаны жай ғана қуанышыммен бөлісу үшін жазып отырмын. Біреулер мақтанып жатыр деп қалмас үшін. Ана купонды білмеймін, не істейтінімді. Жаңа ұялы телефон алғым келіп жүргенін жақын достарым мен туыстарымнан басқа ешкім білмейтін еді. Сонда жіберген адам жанымдағы кісі болғаныма... Түсінбедім...
Массагеттіктер, сіздер не ойлайсыздар?! Купонды не істеймін? Гүлін бәрібір қалдырамын, қай қыз гүлді жақсы көрмейді дейсіз.Қызық күйде отырмын. Бір жағынан қуаныш бар, бір жағынан белгісіздік. Не істеймін?