Қуаныш құтты болсын, ағайын ;)
блог
Сәлеееем, құрметтілеріммм ;) Бүгін бізде қос қуаныш, қос мереке екенін білесіздер деп ойлаймын :) Бірінші қуанышымыз бәрімізге ортақ. Ол - Тәуелсіздік күні! «Жақсыларым, жайсаңдарым, құрметтілерім, баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз баянды, мәңгі болсын! Өзге елдермен иық тіресіп, төрт құбыламыз тең болсын! Шаңырағымыз шайқалмасын, керегеміз берік болсын!» - деп, ресми бөлімді аяқтап, келесі пункте көшейін ;)
Құрметті Массагеттіктер, бүгін біздің сүйікті порталымыздың туған күні! Жаным, массагетім! Кім не десе, о десін, маған бәрібір. Сен – менің алғашқы махаббатымсың! Сен – менің мамандық таңдауға ақылшым болған бірден бір ортасың! Сен – менің болашағыма жол ашқан ғажап ортасың! Сен – маған дос сыйлаған, тек дос емес , бауыр сыйлаған ортасың! Қысқа уақыт ішінде маған осындай сыйлар жасаған асылыма неге рақмет айтып, жақсы көрмеске ;)
Жақында массагет таныстырған жандармен жолығып, жиналғанымызда «кеше ғана бала едіңдер, бүгін кәдімгідей бойжетіп қалыпсыңдар ғой» - деп, бір ағамыз айтып қалды. Сол кезде Астаналық массагеттіктер болып алғаш жиналған сәт есіме түсті. Ол кезде енді мектеп бітірген еді, енді жақында оқуды да бітіреміз...
Негізі құттықтау пост жазамын деп ойлағам ғой, естелік боп кетті, айып етпең ;)
Ал, жаным, Массагетім! Сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Маған жол ашқаның секілді талай жастың жолын ашып, болашақтарына септігің тиіп жатыр деп үміттенемін. Контентің сапалы, қолданушың көп, тұрақты оқырмандарың мен блогерлердің санында шек болмасын! Қазақ тілді порталдар арасында алдыңғы сапта тұрғаныңа күмәнім жоқ. Бұдан да арығарай дами бер! Сонымен қатар, Массагетті дамытып отырған контент-менеджерлері, журналист- тілшілер, IT-мамандар мен рекдакторларды да мерекемен құттықтай отыра, шексіз алғысымды білдіремін!
P.S.: Менің сыйлығым мынау деп ұсынатындай сурет те сала алмаймын, өлеңді де оңдырып жаза алмаймын. Тым құрығанда қыз сияқты он саусағым майысып қолөнермен айналысып, атыңды матаға ойып жазып та сыйлай алмаймын. Менің қолымнан тек ноутты тасырлатып жазу ғана келеді екен :( Сонда да, жүрек жарды тілегімді қабыл ал! Сен бізбен, біз сенімен мақтана берейік, Массагет!