Куала Лумпурдағы бірінші күн...

Жол азабы көр азабы деген өзбектерде мақал бар. Одан қалса, Алматы -> Абу Даби -> Куала Лумпур бағытымен ұшқан соң уақыт ауытқуларынан шаршайсың. Абу Дабиден түнгі 2 ден аса Куала Лумпурға шығып едік. Өзімнің есебімде таңертең сағат сегізден аса межелеген орнымда болуым керек еді. Сөйтсем, мен уақыт белдеуіне қарсы бағытта ұшып жатқанымызды ұмытып кетіппін. Осылайша Куала Лумпур қаласына түсте жетіп бардық. Кірерде шегара қызметімен мәселелер туындап мені арнайы тексеру бөліміне әкетті. Ол жақта тағы да бір сағаттай отырып ешқандай арам ниетім жоқ екенін білген соң рұхсатнама берім, уақытымды алғандары үшін кешірім сұрап қайта қоя берді. Аэропорттан шыға берісте мені сол жерде білім алып жүрген досым күтіп алды. Көлігіне отырып тамақтануға беттедік. Мен түскенде қолымда күрте және аяғымда етік еді. Оны көріп біраз күліп алған соң көліктің ішінде киім ауыстырып алдым. +30 градустық ыстыққа денем бірден үйрене қойған жоқ. Тамақтанып болған соң, үйге қарай беттедік. Досым біраз жұмыстарын бітірем дегенше үйде жатып демалып алғым келді. Үй үлкен 4 бөлмелі. Жалпы қарайтын болсақ, Куала Лумпурда 1-2 бөлмелі пәтерлер өте сирек екен.

Малайзияда дәл қазір жаңбыр мезгілі. Сондықтан тап қай уақытты күн шығып, қай уақытты жаңбыр жауып кететінін ұғыну қиын. Қызығы сонда, бұл қалада жыл он екі ай бір климат. Күндіз түні бір қалыпты температураны сақтап тұрады. Яғни, өзім айтып өткендей, күндіз жарық, түнде қараңғы болғаны болмаса, тәулік алмасуын сезіну қиын:)

Сол күні түнде Үндістаннан блоггер досым (Бальзаминка) келуі керек еді. Түнгі екілер шамасында көлік прокатқа (ежіре) алып Балзаминканың аэропортына қарай тартып кеттік. Осы орайда аэропорт қаладан 60 шақырым сыртта орналасқанын айта кеткен жөн. Барсақ, досым біраз күтіп қалған екен. Көлікке отырғызып алып МәкДөнәлдіске қарай беттедік, яғни қалаға. Таң рауандағанға дейін отырып әңгіме айттық та, Бальзаминканы қонақүйіне апарып, өзіміз үйге қайттық. Бірінші күн осылай өтіп кетті. Одан кейінгі ұйқыны айта алмаймын. Ну енД, сұммммдық ұйқы болды, бұқақақа:) Ойнамайм:))



Бөлісу: