Бәлиімнің ішінде
Сұрдан басқа шабан жоқ,
Бисеннен басқа жаман жоқ.
Қашаған Күржіманұлы
Қуаңдайсың, қу Бисен, қуаңдайсың,
Мен арықтап, сен болсаң жуандайсың.
Түлен құсап түрттің-ау шайырларды,
Ұятың жоқ, сондықтан ұялмайсың.
Ағайыным емессің, сен – бөтенсің,
Хақтың жолы – иманнан кенде екенсің.
Қалтаң менен қарныңды толтырсаң да,
Қуыс кеуде, бос белбеу – нөлге теңсің.
Жүз жыл өтті – өлмедің, жүрсің тірі,
Құдай әлде алмай ма қыршыңқыны?
Алдадың сен біз түгіл, Қашекеңді,
Сол Қашекең – өлеңнің шыншыл пірі.
Сенің пірің – шайтан-дүр ардан безген,
Дәруіштен жамансың жалған кезген.
Күмірә боп күлесің – жыласа ақын,
Түйір жасқа тұрмайсың тамған көзден.
Жұмысың не жырымда – зарлығымда,
Маған қылған сұмдығың салды мұңға.
Қуаңдайсың, қу Бисен, қуаңдайсың,
Сендей жанды көргенім тағдырым ба?
Әлиімнің ішінде...
Ескерту: Бәли – Қашағанның руы, Әли – менің...