КТК
Эфир уақытының төрттен бір бөлігі телесериалдар – 25%. Екінші орында көңіл көтеретін бағдарламалар және жиі көрсетілетін ауа-райы – 16,8%, үшінші және төртінші орынға жаңалықтар топтамасы ие – 9%. Сонымен ақпаратты-сараптамалық хабарлар – 7%.
31 канал
31арнаның ауқымды бөлігі телесериалдар алатын көрінеді – 45% және көңіл көтеретін бағдарламалар үлесі – 35%. Эфир уақытының оныншы бөлігін толықметражды фильмдер алады. Жаңалықтар мен деректі бағдарламалар қалған – 7% және 3,4%-ды құрайды.
Хабар
Телехабар тарататын арнаның жанрлық құрылымы 4 типті бағдарламаға бөлінген: жаңалықтар топтамасы – 25%, ақпараттық-сараптамалық және публицистикалық хабарлар – 17,7%, көңіл көтеретін бағдарламалар –16,6%, телесериалдар мен телефильмдер – 14,3%. Сонымен қатар, бағдарламалар тізіміне: балаларға арналған – 6,3%, деректі хабарлар – 5,7%, жаңалықтар анонсы – 5,1%, толықметражды фильмдер мен қоғамдық жарнамалар – 2,9%, мәдени-ағартушылық – 1,7%, спорттық бағдарламалар – 1,1%.
Осындай телебағдарламаларды топтастыра отырып: ағартушылық, ақпараттық, көңіл көтеретін, бейтарап бағдарламалар телеарна хабарын қамтиды.
Хабар арнасының тілдік ерекшелігі: қазақ және орыс тілінде 49,7% /47,9% үлесті берсе, «КТК» және «31арна» телеарналарының проценттері пропорционалды емес болып шықты. «КТК» 36,9% бағдарламаны қазақ тілінде, 61,9% - орыс, «31арнаның» бағдарламалары 41,4%/51,7%- дық қазақ, орыс тілінде беріледі.