Кітаптан ғаламтор озды ма?

Қазіргі біз тіршілік етіп жатқан, мына заманда әлеуметтік желінің уақыт өткен сайынғы күшейіп бара жатқаны баршамызға мәлім. Жеке адам баласына, барша қоғамға, әлемге жүйелі түрде өз ықпалын тигізіп отыр. Өзіндік әсер тигізуінің жақсы және жаман жағы да баршылық.

Әлеуметтік желілердің адамзат әлемін билеп алды деудің өзі қиын болып тұр. Еңкейген баладан бастап, жасөспірімдер әлеуметтік желілердің құлы болды. Қазіргі кезде бәрі әлеуметтік желілерсіз өмір сүруі мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Адам өркениеті көптеген өзгерістерді басынан өткеріп, дамудың түрлі кезеңдерінен өтті. Осыған қарамастан адам қоғамының барлық уақыттарында қарым-қатынас және тілдесу басты құндылық болып саналған. Бірақ, адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқашан XXI ғасырдағыдай ғаламдық болған емес, бұл ақпараттық технологиялар дәуірімен байланысты.

Бүкіләлемдік тордың пайда болысымен санаулы секундтар арасында түрлі бағыттар бойынша орсан зор көлемде ақпарат алу немесе шектеусіз көлемде достар табу мүмкін болды. Жаһандық желі ойлап тапқаннан бері күн сайын көптеген адамдар танысып, достар қарым-қатынас орнатуда, жаңа байланыстар құрылып, махаббат өмірге келуде.Интернеттің пайда болуына дейін мыңдаған шақырым алыстықта орналасқан адамдар арасында танысумен мен тілдесу әлдеқайда қиын болды. Бірақ қазіргі таңда Интернеттің көптеген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайын режимінде қалағаныңша араласуға болады. Желіде танысу мен араласу заманауи қоғамның ажырамас бөлігі, сол арқылы әлемнің әр түкпіріндегі түрлі мәдениет өкілдері жақындасады.

Дегенмен, өкінішке орай көптеген заманауи адамдар ақпараттық технологияларды орнымен пайдаланудың шегі таусылып, шамадын тыс әуесқойлықтың басталуын түсіне қоймайды. Осыған байланысты, жасөспірімдер мен жастар арасында интернетке тәуелді буын саны өсуде, олар виртуалды қатынастың құрбанына айналған, сол себептен шынайы өмір өте ауыр көрінеді. Түрлу зерттеулер мәліметтеріне байланысты, әлем бойынша интернет пайдаланушылардың он пайызы тәуелділікке ұшыраған. Әлекметтік желіні бүгінде жұрттың бәрі дерлік пайдаланады. Дегенмен, оны шектен тыс пайдаланамын деп тәуелділікке түсіп, уақытыңызды, денсаулығыңызды құртып, айналаңыздағы адамдардан аулақтап, тұрмыста, отбасында қолайсыз жағдайларға тап болмайын десеңіз, оған көп үйір болмағаныңыз жөн.

Ең бастысы: әлеуметтік желі маған не береді? деп оның тек пайдалы жағына ғана назар аударған жөн. Қазіргі таңда екіің бірінде ұялы телефон және әлеуметтік желісі бар екендігі рас. Яғни, бұл дегеніміз адамдардың көбісі дерлік кең жаһанның төрт керегесін тоғыстыратын ғаламторды пайдаланады деген сөз. Тек пайдаланып қана қоймай әлеуметтік желісіз өмірлерін елестете алмайтындар да бар десек артық айтқаным емес. 



Бөлісу: