Бүгінгі таңда кітапхана-халыққа білім нұрын себетін,жаңашылдыққа бастау болатын рухани орда.
XXI-ғасыр мәдениеттің,ғылым мен білімнің ғасыры.
Бүгінгі таңда білім мен өркениеттің заманында өскелең ұрпақтың жан-жақты білім алып өсуі де кітапхана жұмыстарына байланысты. Ал өркениет ордаларының бірі де бірегейі ауыл кітапханалары десек артық болмас. Осындай әртүрлі рухани іс-шараларды өткізіп, жастардың тәлім тәрбие алу жолында жұмыс істеп келе жатқан ШҚО Үржар ауданының Қарабұлақ ауылының кітапханасының жұмыс істеп келе жатқанына бес жылдан аса уақыт болды.
Осы жылдар ішінде кітапханадан қаншама оқырман өз білімдеріне білім қосып,таным көкжиектерін кеңейтіп, болашақтарына бағдар алды.
Қадірі мен қасиеті мол қазынамызды көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жұмыс істеп жүрген кітапханашылар- ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Сондай жандардың бірі кітапхана меңгерушңсі өз ісінің шебері - Қаңтарбаева Набира апайымыз.
Бос уақыттарында ауыл кітапханаларынан табылып жүрген үлкендеріміз Сүттібаев Даутан,Тоқтарбаев Шеризадан,Жыланбаева Жанат,Көшекова Күлтай,Құдабаева Айгүл,Дəлелғазы Əсем.т б сынды жандарды атап өткеніміз жөн болар.
Бүгінде оқырмандарыды белсенді түрде қатысатын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан бүгінгі кітапхананың алдына қойған мақсаты бар мүмкіндікті пайдалана отырып, әрбір іс - шараны түрлендіре өткізу.
Осы жолда ауыл кітапханасы тікелей мектеп оқушыларынан бастап зейнеткер қарияларменде тығыз жұмыс жасап,пікір алмасып отырады. Оқушыларға керек кітаптар мен қажетті іс -шараларды өткізуде пән мұғалімдері Биболова Райгүл Темірбекқызы,Божықанова Айтқан Черизатқызы, Құрманова Айнұр,Ашманова Айгерім сынды жанашыр,мейірбан ұстаздар қай кездеде болмасын көмек қолын созады. Оқушылардың түрлі іс-шараларға қатысып,аудандық байқауларда топ жаруына да сүбелі үлес қосатын білім ордасының білікті мамандары жан-жақты қызмет атқарады.
Сонымен қатар Набира Қаңтарбаева өз жұмысында бүгінгі таңдағы өскелең ұрпақ тәрбиесінде де іс шаралар өткізіп,ауылдық кітапханадағы оқырман ата-аналармен де жиі жиі пайдалы жұмыстар істеуді де алға тартып жүр. Себебі,баласының қандай кітап оқып,қандай білім алып жатқанымен әңгіме өрбіту қай ата-анаға болмасын өзекті мәселе десек болады.
Сондай жанашыр ата-ана қатарынан табылып жүрген Базылқанова Меруерт,Сүттібаева Анар,Байғозина Майнұр сынды жандарды ауыл ата-аналарына үлгі десек те болады.
Ауылымыздың кітапханасында іске қосылған жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан "Жас қалам" оқушылар клубының жұмысы да ауыз толтырарлық. Өз өлең жырларын шығарып,танымал ақын жазушылар шығармаларын насихаттау жолында оқушылар әртүрлі іс шаралар өткізеді. Бүгінгі таңда осы клубтың алғашқы түлектері Бектегенова Айым,Сүттібаева Гаухар,Камаранова Қаршыға,Амангелді Отангелді, Тоқтарбекова Дана сынды қыздарымыз еліміздің жоғары оқу орындарының талантты студенттерінің қатарынан табылуда. Ал сол аға - әпкелерінің жолын жалғастырып келе жатқан Бектегенова Жаңылсын,Даутанова Динар,Кадирбаева Балауса,Қанат Арай,Жұмабек Балым,Слямжанова Толғанай,Слямханова Толғанай,Жұмағали Аяжан,Рамазанова Гүлім,Серік қыз зы Гүлім,Базілқан тірек,Базылқан Фариза,Шəріпхан Жалғас, Даутанова Іңкәр,Даутанова Сезім сынды жас оқырмандардың ізгі жұмыстары көңіл қуантарлық. Оның дәлелі жақында ғана осы оқушылар Үржар аудандық кітапхана директоры Базарбаева Райгүл Жүкенқызының қолынан марапаттау алған еді. Бүгінгі күні олар алдағы уақытта болатын мерейтойлық іс шаралардың иелерінің шығармаларымен танысып,дайындық жүргізуде.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», дегендай жас ұрпаққа сапалы, мағыналы, өнегелі тәрбие беруде мектептің кітапхана ошағының үлесі зор. Сонымен қатар осы жылдар ішінде бірқатар облыстық,аудандық байқауларда,іс-шараларда топ жарып жүрген үлгілі мекеме. Соның дәлелі ретінде "ҚР Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне" орай ұйымдастырылған аудандық кәсіби байқауда " ЕҢ ҮЗДІК КІТАПХАНА" бағамын иемденгенін айта аламыз.
"Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.Кітап оқудан тыйылсақ,ой ойлаудан да тыйылар едік",-деген еді Ғабит Мүсірепов.Кітап таңдап,талғап оқи білу,оны түсіндіру мен түйсіну,алған әсерді өмір қажетіне жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін,пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Білім ала отырып,оны өзгелерге бере білу де өнер.Ия,кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор.Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес дегім келеді.
Еліміздің өркендеу жолында қызмет атқарып келе жатқан мәдениет ошақтары өркендей берсін!
ҚазҰУ,Тарих,археология және этнология факультетінің 2 курс студенті
Даутанова Рысгүл