КІТАП ОҚЫП ЖҮРСІЗ БА? ТАХАУИША ТАЛДАЙТЫН СЫНШЫ ҚАЙДА...

КІТАП ОҚЫП ЖҮРСІЗ БА? ТАХАУИША ТАЛДАЙТЫН СЫНШЫ ҚАЙДА...
жеке
блог

Нұрлыбек Саматұлының дәл осы «Кітап оқып жүрсіз бе?» еңбегін соңынан талдап жатырғаныма іштей өкініп тұрмын. Неге дейсіз бе? Өйкені жазбаға көз тастап, автор айтқан теріс қылықтар өзімнің бойымдада кездеседі ме қалай деп ойлап қалдым.

Әңгімені автор кітап оқу жайында бастағанда «о менде кітап оқығанды ұнатамын, поезда менде екі кітаптан кем оқымаймын» деп отырғам бірақ оны автор мен Тахауиша оқымайтынымды ұғып, өзімді еңбектегі мақаласын ат үсті жаза салған жандай сезінудемін. Сезінуде емес дәл сондай адам болып отырмын. Уақыттың тығыздығына байланысты талдағалы отырған жұмысымды тек бір көз жүгіртіп оқып, соған талдау жасаудамын. Талдауымның өзін ойласам жағымпаздыққа жақын ба қалай өзі?

Расыменде біз Тахауиша талдай алмаймыз. Біріншіден біліміміз жетпейді. Көп оқымаймыз. Оқығанның өзінде ел аузында жүрген кітаптар болмаса, таным көкжиегіміз кеңейсін деп кітап бетін ашпаймыз. Оқымаған соң, әрине, біздің білім жетпегенде кімдікі жетпесін. Білмегенімізбен қоймай білетіндей түр жасайтынымызды қайтерсің?

Келесі, ізденісіміз аз. Бір дүние жайлы ой қорыту үшін оған сегіз қырынан қарай алмаймыз. Санамызда жанарымыз секілді бі жағынан қарайды. Содан орамды ой, ұтымды пікір шықпай, әңгімеміз я жағымпаздыққа, я кемсітушілікке тартып тұрады.

Ең осал тұсымыз ниет жоқ. Егер расымен ынталансақ білімдіде алып, ізденісімізді де күшейтер едік. Ниет болмаған жерде андағы екеуін біріктіре алмай кемеміз суға кетуде.

Онымен қоса, сынымызды жеткізе алмаймыз. Тахауиша барды бар деп, жоқты жоқ деп жеткізудің өзі өнер. Автор мысал көрсеткен мақалада Тәкең алдымен шынайы мақтап, келісті жеріне құрмет көрсетті. Ал олқылық кеткен тұсты тек сынап қана қоймай себебінде көрсетті. Шыныменде жұмысымызды шыншыл сарапшы сарапқа салса қандай керемет! Әйтпегенде еңбегіміз жағымпаздықтың ар жақ бергі жағынан шыға алмай тұр.