Кітап оқудың 6 түрлі пайдасы

Кітап оқудың 6 түрлі пайдасы
жеке
блог

Әлеуметтік желінің тамыры терең жайылған  мына заманда,кітап оқушылардың саны азаюда. Көпшілік күніне 20-30 минут кітап оқып,тынығудың орнына, 2-3 сағат ұялы  телефон бетіне телміріп отыруды жөн көреді. Кітап оқудың пайдалы екенін білсек те, бұл істі күн тәртібіне енгізу қиынға соғары сөзсіз. Егер сіз осы мақаланы оқып отырсаңыз, кітап оқуға деген қызығушылығыңыз артуы мүмкін. Себебі қазір  “кітап оқудың 6 түрлі пайдасымен” танысатын боласыз.

1.Кітап оқу сөздік қорды көбейтеді.
Сөздік қордың көбеюі және әдемі сөйлеу-өзіңе деген сенімділікті арттырады. Дұрыс сөйлей білу өмірдің барлық сферасына керек дағды. Көптеген спикерлердің айтуы бойынша, сөздік қоры көп адамдар жұмыс сатысына өзгелерден қарағанда жылдамырақ көтеріледі.

2.Кітап оқу адамды тыныштандырып қана қоймай, ағзадағы стресс мөлшерін азайтады.
Күйбең тіршіліктен бір сәтке арылып,кітап әлеміне кіріп тыныға аласыз. Зерттеулер бойынша, кітап оқу стресс деңгейін 68% төмендетеді екен. Ал бұл миға бақыт гормондарын сыйлайтын нәтижелі процесс.

3.Кітап оқитын адамдар сезімтал келеді.
Кітап әлеміне кірген адам, сол жердегі кейіпкерлердің сезімін, ой-толғауын сезіп, байқайды. Ал бұл дағды өмірде адамдармен жақсы тіл табысуға септігін тигізеді.

4.Кітап оқу-есте сақтау қабілетін жетілдіреді.
Оқып жатқан шығармаңыздың мәнін түсіну үшін кейіпкерледің есімін, мінез-құлқын, олардың мақсатын анық біліп алуыңыз керек. Ал осы мәлімттерді  қабылдау миға қызықты практика. Бір қызығы, әрбір есте сақталған ақпарат нейрондық жүйенің жұмыс күшін арттырып, көңіл-күйді бірқалыптандырады екен.

5.Кітап оқу- адамды білімді қыла түседі.
Күнделікті кітап оқу жаңа ақпаратты әкеледі. Ал күн сайын жаңа нәрсе біліп отыру өзіндік пікіріңізді қалыптастырады, әлемге деген көзқарасыңызды өзгертеді және ойлау деңгейіңізді шыңдай түседі.

6.Кітап оқу жаңа идеялар сыйлайды.
Елестетіп көріңіз: өзіңізге ұнайтын кітапты оқу барысында, миыңыз жаңа идеялармен толығып жатыр. Керемет сезім. Кейбір суретшілер, мүсіншілер, хореографтар әдеби шығармаларды оқып шабыттанған. Сол секілді, сізге де жаңа идеялардың жиынтығы артық етпейді.