Кітап маған тақтан да қымбат! (байқау)
блог
Сәлеметсіздер ме, массагеттік оқырман! Массагет сайтымен мақсатыма жетуге тырысып жүрмін. Мақсатыма жету үшін, яғни журналист болу үшін, кітаптар оқып, білімімді толықтырып жатырмын. Оқып жатқан «Сөз тапқанға қолқа жоқ» атты кітабым, журналистика саласына деген алғашқы қадамым деп білемін. Өйткені әрбір журналист сөзге шешен, тілге шебер болуы тиіс. «Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлайды», - деді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан кітапты жиі-жиі оқуға тырысамын.
Адамды адам еткен – кітап. Сондықтан кітап оқыңыздар! Кітап оқу арқылы адам ой – өрісін кеңейтеді. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітапты таңдап, талғап оқып, оның ішінен өзіңе қажеттісін алу адамның парасаттылығын көрсетеді. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деген екен Шекспир. Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал. Сондықтан үнемі ақылымызды қуаттандырып отырайық!