Көңіл-күй - шашыраңқы, ой - тым алыста, жүрек - ұйқысырап жатыр, демек, басқа біреудің көңіл-күйін кешіп, ойын сезіп, жүрегімен өмір сүруге таптырмас уақыт)) Қысқасы, кітап оқу керек деген сөз.
1. Харуки Мураками. Токио аңыздары. Әдемі фикшн. Шағын әңгімелер. Қаншалықты шынайы болса, соншалық өтірік. "Жоға, бұлай өмірде болмайды ғой", "Сөйлейтін маймыл? Мүмкін емес!", "Сәйкестіктердің бар болуы екі талай, бәрі де белгілі бір есеппен болады ғой!" деген ойлар бір кіріп, бір шығып, әйтеуір мазаңды алады. Алайда, кейіпкерлердің әр бірімен өзіңді салыстырасың, өзіңнен солардың бір ұшқынын іздейсің, сәйкестік тауып, мәз боласың, себебі, мына өмірде ертегілердегі секілді ғажайыптың барына сенгің келеді. Харукидің ұзақ романдарына шыдай алмағандар үшін, "Токио аңыздары" керемет шығарма.
2. Сисилия Ахерн, сол баяғы "П.С. Мен сені сүйемін" кітабының авторы. Тағы бір бестселлер, тағы бір роман. "Қара маған" (If u could see me now). Тағы да ертегі, бірақ шынайы өмірмен байланысып, бір бүтін секілді біте қайнасқан. Шындық па? шындық! Сұлулық, достық, махаббат, балалық шаққа саяхат, сүйкімді елестері, тәтті естеліктер шоғырланған туынды. Әр бір жолдың астарында "Бәрі де жақсы болады" дегенді оқығандай болдым. Ондайды бұрын, бала кезде, атам аударған ертегі кітаптарын оқығанда ғана болатын еді. Содан кейін ондай күйге түспегем. Бірақ қазір, кездейсоқ тап болған мына кітап мені алысқа ала кетті. "Жүр" дейді, "Есіңде ме" дейді...