Бүгін дүниежүзілік кітап күні. Барша адамзат бұл күні кітапқа деген сезімінің қаншалықты зор екенін білдіруге тырысады. Бұл күн Петропавл қаласында да қызықты іс-шаралармен аталды. Облыстық кітапханада жаңа кітаптардың көрмесі өтті. Қаланың зиялы қауымы бір адамдай қызықты кітаптарды өздерінің оқылуы тиіс кітаптар тізіміне енгізіп жатты. Менде бұл көрмеге 1-2 минутқа кіріп шықтым. Айтарлықтай қызықты кітаптар таппасамда, арасынан іліп аларлық кітаптар бар екен. Бірақ "әңгіме ол жайлы емес дейім бе?" Болат Мұхтар сияқты. Кітапқа деген құмарлығым қашан оянғанын білмеймін. Бірақ интернатта оқып жүргенімде іш пысқаннан ба, білмеймін. Әйтеуір мектептің кітапханасынан шықпайтынмын. Тіпт бір күні Л.Н.Толстойдың Ресей елі, Русь болып тұрған заманда басылып шыққан ескііі күнделігін тауып алғаным есімде. Жалпы айтқанда біздің қазақ интернат, совет үкіметі кезінде жалғыз қазақ мектебі болғандықтан(анықтама ретінде. Бұл мектептен атақты режиссер Аяған Шәжімбаев,ақын Зейнолла Әкімжанов, ТЮЗ әртісі Күнсұлу Шаяхметова және т.б. оқып білім алды), кітапхана да ол кезде облыстағы әртүрлі әдебиетке бай жалғыз кітапхана саналған екен. Сондықтан да ол кітапханадан неше түрлі қызық кітаптарды тауып алуға болатын. Одан бері қаншама уақыт өтті. Бірақ кітапқа деген сүйіспеншілігім әлі күнге дейін ортаймады. Қала көшелерінде ескі-құсқы кітаптарды сатып тұратын саудагерлерден бір кітап сатып алмасам кетпейтін әдетім бар. Кей кездері үлкен соммалы ақшаға сатып алынған кітаптарды парақтап қойғаным болмаса, тіпті түгелдей оқып та шықпайтын кездерім болды. Дегенмен әлі күнге дейін кітаптарды сатып алу әдетімнен таңбадым. "Ауру қалса да, әдет қалмайды" деуші ме еді?Төменде сатып алынған кейбір кітаптарымның (жұмысқа асығып бара жатқанымда түсіріп үлгерген) суреттерін ұсынамын.
Сотканың фотоапараттарына түсіріп үлгерген кітаптарым осы. Жеке кітапханамдағы кітаптардың барлығын оқымасам да, кітаптарды жинауды жақсы көремін. Петропавл еліміздің солтүстігінде орналасқандықтан көптеген кітаптарды сатып алу мүмкін емес. Дегенмен қалада жаңадан ашылған мелломан дүкені бұл олқылықтың орнын толтырады деген үміттемін. 6 томдық "Қылмыс" деген кітапты қазіргі таңда іздеп жүрмін. Сатып алғым келіп жүр. Бірақ ол кітап қаламызда жоқ болып шықты. Өкінішті....