Кітап, жыр жинақ, ЖЫРДЫҢ АЛТЫН БҰЛАҒЫ жыраулар поэзиясы Асанқайғыдан Махамбетке дейін.

Кітап, жыр жинақ, ЖЫРДЫҢ АЛТЫН БҰЛАҒЫ жыраулар поэзиясы Асанқайғыдан Махамбетке дейін.
жеке
блог

Ассалаумағалейкүм ардақты әлеумет!

Бүгін сіздерге Жырдың алтын бұлағы жыраулар поэзиясы Асанқайғыдан Махамбетке дейінгі жыраулардың шығармаларын бір E-PUB формат кітапқа жинақтап ұсынып отырмын. Жалпы жыраулар поэзиясының қадірін түсіну үшін ең төменде Мұхтар Мағауин мен Бекболат ағамыздың жыр туралы айтқан сөздеріне көңіл бөліңіздер.

Ең алдымен ескеретін жағдай, егерде сіздің планшетіңіз немесе смартфоныңыз Андройд операциялық жүйесінде болса FBReader деген программаны, Meego Harmattan (Nokia N950, N9) үшін мына, Symbian үшін мына программаны орнатып алыңыз! iOS (iPad, iPhone, iPod) құрылғылары үшін қажет емес. Компьютерлер үшін мына жерден таба аласыз.

Кітаптың өзін жүктеу.

log

ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ – 15 – 18 ғ-лардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғ-дың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар, Жыраулық поэзияда мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шендесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман және адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз пен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. 

М. Мағауин

 

Бекболат Тілеухан