Кітап – ең сабырлы ұстаз

Кітап – ең сабырлы ұстаз
жеке
блог

 Кітап – ең сабырлы ұстаз. Жалпы, кітап – құндылық. Ол адамды көбірек ойға жетелейді.
Албырт сезімімізді тежеуге, ішкі ойлау күшімізді арттыруға себеп болады. Кітап – дос,
жұбатушы әрі ақылыңа ақыл қосып, үнсіз тәрбиелейтін құрал.Сондықтан жазушы
Ш.Мұртазаның «Мәдениет-мәйегі кітап» деген сөзімен үнсіз келісемін.Алайда адамды
тәрбиелеп,жан жүрегіңе әсер етіп,сана-сезіміңе ықпал ететін бұл құнды құрал неліктен өз
құндылығын жоғалтты?
Қазақтың көне заманнан бері жетелі сөзге табыну мен бағыну басым болғанын,халық
аталы сөзді алтыдағы бала айтса да,алпыстағы қария айтса да ,айтушысына қарап
емес,айтқанына қарап ақыл тоқтатқанын кітап арқылы білді. Тоқсан ауыз сөздің түйінін
жеткізетін кітаптың қоғамда аса маңызды орын алмай жатқаны ұрпақ тәрбиесіне де өз
кесірін тигізіп жатқан жоқ па?- деген сұрақ мені жиі мазалайды.Себебі қоғамда орын алып
жатқан сан түрлі оқиғалардың (нашақорлық,ұрлық,адам тонау,кісі өлтіру т.б) өршіп
кетуіне кітаптың орнын алмастырған ғаламтор,теледидардың иелік ете бастауынан деп
ойлаймын.Адамдардың теледидар мен ғаламторға, ұялы телефонға тәуелді болып бара
жатқаны да жасырын емес.Сондықтан болар,адам мәдениетінің бұл күнде
төмендеп,дөрекі сөйлейтіні,жылы сөзден гөрі жанды жабырқататын ауыр сөзді көп
айтатыны.Демек, кітаптың орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Себебі кітаппен дос болған
адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері
сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен де -
кітап. 
Ойымды жинақтай келе;Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік, - деген Ғабит
Мүсіреповтің сөзімен қорытындылағанды жөн көрдім. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны
түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен
білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Демек ,кітап
ешқашан қоғамда өз орнын жоғалтпайтын құнды дүние болып қала бермек.Өйткені
ешқандай техника да,ешқандай экран да кітап дейтін қасиетті затты ауыстыра алмайды.