"Кітап арқылы бостандық алу"
блог
Жақында теледидарғы жаңалықтардан Бразилия түрмесінің тұтқындары мерзімдерін кітаптар көмегімен қысқартып жатқандары туралы мәлімет естідім. Бразилия үкіметі құрған бұл бағдарлама "кітап арқылы босау" атауын иемденді. Бұл керемет бағдарлама бойынша, Бразилияның төрт федеральды абақтысында тұтқындарға әр оқылып, соған арналып жазылған шығарма үшін, мерзімнен төрт күн алынып отырады. Әдебиет түрі тұтқындардың өз қалауларына қарай таңдалады. Классика, философия болсын немесе ғылыми шығармаларды оқуға болады.
Менің ойымша, бұл өте дұрыс ойлап табылған бағдарлама. Біріншіден, абақтыда отырған адамдар өздерінің білімін дамытып ғана қоймай, сонымен қатар дұрыс және көркем жазуға дағдыланады. Екіншіден, зындандағы адамдар мерзімдерін азайту мақсатымен, оқылған кітап санын арттыруға тырысатын болады. Үкімет жағынан кітаптарға және барлық үдірісті қадағалайтын мамандар жалдауға қомақты қаражат жұмсалуы мүмкін. Алайда,бұл, тұтқындағы адамдардың білім жолына түсіп, жаңа тәрбие алып, психологиялық тұрғыдан сау азамат болып шығуының жанында соншалықты үлкен мәселе емес.
Уақыт өте келе, бұл бағдарлама қандай нәтиже бергенін еститін болармыз. Менің ойымша, нәтиже оңды болуға тиіс. Мүмкін, келешекте біздің елімізде де осындай бағдарламалар жүргізіледі деген ойдамын. Қандай да бір ойларыңыз болса, жазып қалдырсаңыздар, жақсы болар еді. Назарларыңызға рахмет:)))