"Кішкентай оңбағанның" қарғысы

"Кішкентай оңбағанның" қарғысы
жеке
блог
Кез-келген танымал адам, мейлі ол ақын болсын, мейлі ол әнші, актер болсын, қызық жағдайда қаза тапса, жұрт назарын аудартатыны сөзсіз.
 
24 жасар американдық актер Джеймс Дин, досы Алек Гиннесс пен оның жолдасын Лос-Анджелестегі бір ресторанға шақырады. Қонақтарына  Джеймс судай жаңа жарыс көлігі — сұр түсті Порше-550 Спайдерді көрсетеді. Дин оған  "Кішкентай оңбаған" (Little bastard) деген есім берген екен. Ағылшын (Алек Гиннесс) ойланбастан, "Қазір кешкі сағат 10, жұма,1955 жылдың 23 қыркүйегі. Бұл көлікке отырсаң, тура осы мезетте бір аптадан кейін қазаң осы көліктен болады" дейді. Дин болса қарқылдап күліп, ал Гиннесс өзінің ойланбай айта салған сөзіне кешірім сұрайды. 
 убл
 
 30 қыркүйек күні күллі әлем Джеймс Диннің қазасы туралы естиді. Ол фордпен бетпе-бет соғысып, бақилық болады. Осы кезден бастап "Кішкентай оңбағанның" қарғысы туралы аңыздар мен өсек- аяңдар әлі толастамай келеді.  
 ублю
 
Қызмет көрсету орталығының иесі Джордж Баррис бұзылған көлікті сатып алады. Ол Штутгардтан тұңғыш рет осы көлікті жеткізгенде, Кішкентай оңбаған деген жазуды жазған еді. Поршені түсіріп жатқанда, көлік тиегіштен сырғып кетіп, механиктің аяғын сындырып жібереді. Бір жарыс көлігінің иесі Кішкентай оңбағанның екі дөңгелегін сатып алып, өз көлігіне қояды; дөңгелектер бір мезетте, аяқ астынан жарылып, авто өздігінен сырғи жөнеледі, ал жүргізуші болса, өмірін әрең сақтап қалады.  
   
ублюд

1956 ж. қазан айында  Уильям Эшрид есімді жігіт автожарыс кезінде жарақат алады, оның көлігі бұрылыста аударылып түседі. Оның моторы Диннің поршесінен қойылған екен. Сол жарыста тағы бір қатысушы Трой Макгенри  қайтыс болады. Көліктің артқы жетегі де Кішкентай оңбағаннан шешіп алынған екен. Кейінірек, гаражда өрт болып, тұрған бүкіл көлікті жалын жалмап кетеді, ал Кішкентай оңбағанға түкте болмайды. Одан соң, Диннің көлігін тиеген жүк көлігін жүргізуші Джордж Баркуйс та көлік апатынан қайтыс болады. Оның көлігі жыраға түсіп кетіп, Баркуйс аударылған өз көлігінің астында қалады. 

ублюдо

Барлығы 1960 жылы ғана аяқталады. Баррис көлікті Флорида штатынан қайтадан Калифорнияға поездбен жөнелтеді. Жіберер алдында Поршені қорапқа салып, металл контейнерге орналастырады, алайда жүк діттеген жеріне жеткенде, қорап сол қалпы болғанына қарамастан, контейнерде көлік жоқ болып шығады. Сол кезден бастап,"Кішкентай оңбағанды" ешкім көрмеген. Бірақ түні бойы жолдарда  жаңа құрбан іздеген, моторы гүрілдеген көлік кезіп жүреді дейді американдық жүргізушілер...

 

P.S. Суреттер The Throttle.com сайтынан алынды.

P.P.S. Егер Сізге "Әлемнің ашылмаған сырлары (құпиялары)" айдарында осы сынды әңгімелер қызықты болатын болса, ойыңызды білдіруіңізді сұраймын. Тұрарлық жұмыс істеп жүрмін бе, жоқ па, соны саралауым үшін қажет еді. Рақмет ;)