«Өтініш!»-деп кішкентай балық үлкен жайнның алдын орай берді. «Сіздің жасыңыз үлкен, көпті көргенсіз, маған айтыңызшы, ұлы мұхит, теңіз деген нәрсе қай жерде?» «Теңіз дейсің бе?» деп таң қалды үлкен жайын, «қазір сенің қасыңда тұрғанның бәрі теңіз емес пе!?» деді ол. «Оһ, шынымен бе? Менің қасымдағы тек су ғой. Ал, мен теңізді іздеп жүрмін...» кішкентай балық сөзін аяқтамастан, үмітсіздене жүзіп кетті. Ол алып мұхитты іздеп кетті.
***
Қайыршы кейіптес киінген бір адам, мүсәпірси келіп бір ғұламадан: «Көп жылдардан бері мен тәңірді іздеп жүрмін, тәңір өмір сүреді-ау деген жердің бәріне бардым. Асқар таудың биік шыңы, кең көсіле өркештеніп жатқан құмның іші, тыныштық мүлгіген дін орталықтары, тіпті кедей ауылдағы лашықтарға дейін араладым.» «Сен оны таптың ба?» деп сұрады ғұлама. «Жоқ, таба алмадым. Сіз тауып алған болар деп, сұрай келдім.» Үлкен ғұлама оған не айта алсын?.. Күш шұғыласы айналаны нұрландырып тұр. Шырылдаған торғай дауысы бар маңды көміп кеткен. Алыстағы күре жолдан құйғытып бара жатқан көліктердің де гуілі естіліп қалады. Үй ішінен масаның ызыңы да құлаққа шалынады. Ал, әлгі мүсәпір кісі орындықта мелшиген қалпы отыр. Аз-кем үнсіздіктен кейін қайыршы кейіптес кісі үміті үзіле күрсінді де шығып кетті. Тәңірді іздеуге кетті.