Кісі мен Көлеңке

Кісі мен Көлеңке
жеке
блог

Айтайын бір тентектің әңгімесін,

Демеңдер: "сөз қып жазды мұның несін?"

Есі ауыс көре сала қуалады,

Өзінің ұстаймын деп көлеңкесін.

Бұл қуса көлеңкесі алыстады,

Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.

Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,

Болғанша бар өнерін қарыштады,

Тентектің бір мезгілде кірді есі.

"Әуре боп қуып, маған қажет несі?"

Осылай ойлап, қайта жүріп еді,

Артынан қуды енді көлеңкесі.

Кейбіреу қыдыр дарып қараса бақ,

Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.

Қайрылмай қарағанда, бақ- дәулетке,

Артынан қуалайды қайтарып ап.

   Қателеспесем Ахмет Байтұрсыновтың мысалы. Әлде басқама кім біледі? Бірақ бәрібір жақсы мысал!!!