КРОССОВКИГЕ ҰҚСАЙТЫН КӨЛІК
блог
Кроссовкиге ұқсайтын көлік
“Ақберен (Елгезек) көлік сатып алыпты дейді ғой (Ақберендер студент кезімізде 5 жатақханаға жиі келетін)… Машинасының маркасы қандай екен?” деген жігіттің сауалына “Жас Алаш” газетінің тілшісі, жас жазушы Қуаныш Нұрданбек: “Қандай машина екенін қайдам, әйтеуір көлігі кроссовкиге (спорттық аяқ киім) ұқсайды екен” деп жауап беріпті (Ақберен алған тойота -40 көлігі шындығында да спорттық аяқ киімге ұқсайтын еді).
“Осы күнге де жеттік-ау!”
3 курсқа дейін біздің жігіттер қызға сөз айтып, махаббаттасып жүрген жоқ. Курстастар арасынан осы сеңді алғаш бұзған “Хабар” телеарнасындағы “Таразы” бағдарламасының айташысы, ақын Мұрат Есжан. Бір күні Мұрат 5 жатақтың алдында қызымен қолтықтасып кетіп бара жатса керек. Оны көрген Арман Әубәкір (біздің арамыздан шыққан этнограф): “Құдайға шүкір, осы күнге де жеттік-ау” деп дәп бір өзі қыз жетектеген жанша қуаныпты.
Қорылынан “тау шошиды”
Қуаныш Нұрданбектен жігіттер “Мұхаңды оятпадың ба?” (Нұрмұхаммед Мамырбеков) деп сұрайды. Сөйтсе Қуаныш: “Өй, оянбайды. Оның қорылынан тау шошып жатыр” депті.
(Жалғасы бар)