"Криша" болған күндер-ай

Есілде еркелеп  жүргеніммен,алғаш мектеп табалдырығын сіздер білмейтін ауылда №38 С.Асанов атаныдағы орта мектепте аттағанмын. Үйдегілер үлкенін үй шаруасына,кішісін «қара жұмысқа»тәрбиелеген. «Қара жұмыс» деп отырғаным үй шаруасынан тыс, мал бағу,су суару,шабық шауып,мақта теру...ощм ұлдар істейтін тірліктер ғой.Кішкентайымнан әкеме жақын болып,қасынан шықпай ұл сияқты өскенмін, сұмдық бұзық болғам.Содан  5 жасымда нөлевойға  бардым.Біз  жақта садик жоқ тұғын.Қоянның көжегіндей болып,көздеріміз жәутеңдеп 20 балапан бір сыныпқа жиналыппыз.Ішіндегі сөзшеңі мен болғасын мұғалім сразу «топ басшы» етіп тағайындап қойды. Бір күні апайымыз «мен қазір келемін,сыртқа ешкімді шығарма»  деп ескертіп кетті.Апай шыққан соң сразу бір бала «сип кеейш,туәтке  балайнш»  деп қыңқылдап тұрып алды.Апайдың айтқаны заң еді, шығарма деген соң шығармай отырдым.Бір кезде бәрі сықылықтап күліватыр,ай не боп қалды деп, пеш жаққа барсам(сыныптың ішінде пеш болатын) әлгі бала «бүлдіріп» қойыпты. Ұялып отыр сол бұрышта.Ертесіне үйіндегілері келіп шляпамды қайырып кеткен,джындылар десе.Сөйтсем әлгі бала «мына қыздан қорыққанымнан жіберіп қойдым» депті,оңбаған!


Екініші сынып кезімде сынып жетекшімнің қызымен «басым шығыспай» көп төбелесетінбіз.Ана қыз жылауық еді,оның үстіне мұғалімнің қызы деп оқымаса да «беспен» дос болатын.Өзі кіп кішкентай,ап-арық қыз еді.Ұрысып-қырылысып жүріп екінші сыныпты бітірген соң,мені әлгі мұғалім  басқа сыныпқа көшіріп жіберіпті.Үшінші сыныбымнан бастап «ә» классында оқыдым.Он тоғыз екен,жиырмасыншы болып журналға тіркелдім.Қызық-ай,туған күні менікімен бірдей баланың қасына отырғызды.Со баламен қалаға кеткенше 5 жыл бірге отырдым.Бұл жақ ана жақтан да ужсс екен,сыныптың 80% мұғалімнің  балалары болды.Орыс тілі сабағы үшінші сыныптан бастан жүргізілетін.Бұл жақа кеп сразу староста  болдым.Содан не керек,тыныш жүрмей тағы бәлеге іліктім де қалдым.Журналды ашып,бағаларымды қараватсам орсы тілінен үш «үш» тұр.Жынданып ертесіне апайға «за что?» десем, «менің  балама тыныштық бермейді екенсің» деп дүрсе қоймасы бар ма?! Мен тиіссем үйіне айтып барады екен,содан мені қорқытқан түрі ғой.Сосын оны «қызтеке» деп кеттік,қыздар сияқты сразу  жеткізіп барғанына қайран қалғам...)


         Бесінші сынып оқыватқанда папам: «қызым,алдағы өмірің қалада,өзіңді қорғануды үйрене ғой» деп спортқа намек тастады.Мамам боса: «осы күнге дейін адам сүйсінер  қылмыңдаған қыз қылығы бойыңнан табылмайды.Спортсмен  болса ваще ұл болатын шығар,одан да домбыраға бар,он саусағың майсып,жұртты таң қалдырып домбыра тартеееп жүресің...»  деп  ақылын айтты (ұрсып-ұрсып тастаған ғо).Ал содан бас қату босталды.Өмірімде қыздың табиғатына жақын болмаған мен,күнде таңертең  жетіде үстіме сортика киіп,арқама домбырамды іліііп спорт залға қарай жүгіріп баратын болдым.Спорт зал дегенде өзіміздің ауылда емес,ауылдан 3-4 км алыста жатқан Киров деген жерде еді. Барғанда қызық болды: арпа ішінде бір бидай болдым.Қырық ұл,бір қыз болып,мамаға айтпай күреске барып жүрдім.Мамаға домбырадамын,папаға күрестемін деп айтып  жүріп жарыстарға да қатысып жүрдім.Класстағыларға айтпаңдар деп,домбырашы апайға «мен отбасылық жағдайға байланысты біраз уақыт келе алмаймын» деп сұранып ағам (он бір жастағы алада қандай проблема болсын).Тренировкаға барып жүріп,жарысқа қатысатындар тізіміне іліндім.Жарысқа барған соң ағайым «саған саперник жоқ,үйге қайта бер» дид,өмірімде күрестен жарысқа бірінші рет барып тұрған кезім ғой, «ақыры келдім ғой ағай,қатысайыншы» деп қыңқылдап тұрып алдым.Сосын «жарайды,киіне бер» деп ағай ашуланып кетті. «Қызыл бұрыштан шығады екенсің,сенің қарсыласың анаа бала,қорықпа,сен жеңесің!» деп өзіміздің (күрестегі) ұлдар жігерлендіріп,қолымды ұқалап бір нарселер айтып жатты.Фамилям оқылды,атым да оқылды,зал бірден гүүр етіп шулап қоя берді. «Үөөөйй,не  дид,мынау қыз ғой.Ойбуу,бишара-ай,жеңілетін болды-ау!»  бәрінің айтыватқан сөзі осы болды.Ысқырық шалынды,шықтым,қол алысып күресуді бастадық.Қарсыласым ап-арық, іләкәр бала екен,үпірсең ұшып кетейін деп әрең тұр.Сірә,қызға осыдан артық қарсылас  жоқ болар деген шығар.Екінші кезеңде бірден алты балды еншілеп,жеңіске жеттім.Бәрі  шок, мен ваще ШОКпын. Мектептегілер естіп, «папама жумайсың ба,жу да жу» деп жудыртқан,папам үйге келіп мамаға айтееееп отыр ғой. Мамам менің айтқанымды тыңдамайсың деп сұмдық ренжіп, қарнымды «таяқпен» тойдырған болатын.Күнде ағайдың қамшысының дәмін татып жүрген соң бір шыбық «таяқ» құрлым болмайды екен.Кейін екі жақ разылығымен күреске  барып, класстың «кришасы» болдым (күшті емеспін,ұлдан солай ат қойып аған ед).Кейін  қатарынан үш  жарыста күш сынасып,жеңдім. Топ болып  аудандық кезеңге жолдама алдық,қатарымызға бір қыз қосылды. Ауданнан шықсаңдар Кентауға облыстыққа барасыңдар деп ағайлар құлағымызды көтеріп қойды.Қайтсек те жеңу керек.Білдей бір ауданнан шыққан өңшең палуандар ортасына келген соң аузым ашылды да қалды.Бір кезде  ұлдар жүгіріп келіп: «Айгерім,сенің қарсыласың шаулинг екен.Батылырақ бол!»деп мені алаңға шығарды. Бүкіл зал атымды айтып шулап жатыр.Өзімше жеңем деп шыққан мен, бас изесіп,қол алысқан соң-ақ қадалдым ғо.Намысқа тырысып, құласам да орнымнан тұрып жағасына жармасып қоям.Ол кәдімгідей формада,сырғанақ,денесі ұсталмайд. Менікі боса кәдімгідей шалбар мен футболка  қолға ілінед де тұрады. Қыз екен деп аяайын демейді,ляқтырыватыр, орнымнан тұрам...қоймайд қадаватыр,қадаватыр,қадаватыр...Сөйтіп бесінші жарысым сәтсіз аяқталып,қадалеееп қайтқам,басым салбырап.Жеңіске әбден етім үйренген,ұтты деп менің емес басқа біреудің қолын көтергенде кәдімгідей жыладым ғо,ужссс.Жалпы, бір жылға жуық уақытта  бес  жарысқа қатысыппын:төртеуі -жеңіс,біреуі-жеңіліс.)Мені қыз деп аяп,маған қарсылас болып түскендермен ұлдар алдын ала «мына қыздан жеңілмесең аузыңды  бұзам» деп келісіп алады екен.Мен өзімше  жеңіп жүрмін десем...Кейін мұны мақта теріп жүргенде маған қарсылас боған көрші ауылдың баласы айтып қойды)))

 

Бала кездегі бар бұзықтық пен ұлға ұқсаған  біртүрлі мінезімді ауылға тастап қалаға оқуға келдім.Қалаға кеген соң сразу басқа кейіпке еніп,басқалар сияқты Есілге еркелей бастадым. Ауылдың баласына қаланың бағдарламасы күрделі болып көрінді. Тапсырма қиын деп,сыныптас құрбымның үйіне қонуға сұрандым.Екеуміздің басымыз қосылған соң сабақ оқылсын ба?!Түні бойы өсек айтып,кітап бетін ашпаған біз таң атқанша «О,Құдаймы,ертең мына мектеп өртеніп кетсінші...» деп тіледік қой,екеуміз де барып тұраған жындымыз.Мектеп пен үйдің арасын таяқ тастам жер болатын,қарсы бетке өтсең-мектеп.Таң атты абыр сабыр киініп,мектепке кесек далада «өрт сөндіру қызметі» депқызыл машина тұр.Ужсс,тілегіміз қабыл болып, мектетегі асханадан  өрт шығыпты,қатты емес,бірақ...)


Он бірінші сыпта мектепте радиодан хабар жүргізіп тұратынмын.Бірде микрафон қосулы қап,қасымдағы қызға «Кисканың сабағын оқыдың ба?» деппін.Масқара-ааай!Бүкіл мектеп естіді ғой,директордың алдынан бірақ шыққам.Тарих апаймызды «Киска» дейтінбіз,білмейм неге екенін,мен келгенде солай айтып жүреген екен...Мектеп бітірерде еңбегі зор болды ғой осы кісінің.

         Міне,мектеп десе осы қызықтарды еске аламын,басқалары да бар,бірақ оларды жаза берсем тым ұзақ болып кетеді.Қазір «өртенсін» деген мектебіме күн өткен сайын гүлденсін деген тілек айтып, «Киска» апайыма  алғыс айтып жүрмін.)))Таяқшаны Ұлан ағама тапсырамын.Аға,мен сияқты болмаңыз!



Бөлісу: