Таң атпай арамтамақтық туралы пәлсапаға тартып кетті.
Алматының әкімі мен бір әйел адамның дауын көріп қалғаннан туды ол ой. Қысқаша мазмұны әйел “жаңа жылдық безендіруге 44 млн жұмсағанша үйі-күйі жоқтарға бермейсіңдер ме” дейді.
Не деген масылдық деймін де?! Жалпы сана сондай болып кеткен. Ештеңе істемесем, бірақ үкімет маған үй берсе, жер берсе, кредитімді төлесе, еще пособие берсе.
Осындай сырқат-сананың туындауына бірнеше параллель фактор бар:
1. Тым аса (арам) байлардың көбеюі. Олар байлығын адал жолмен тапса ешкім ештеңе демейтін еді, керісінше стимул болатын еді. Адал жолмен баюдың жолы болмаған соң қоғамда деградация басталады.
2. Үкімет таза бәсекелік орта, субсидия, бизнеске грант, жаңа жұмыс орны деген сияқты баюға қолайлы орта жасамады. Біреудің бизнесін біреу тартып алса үндемеді.
Керісінше кредитін жауып, тегін үй беріп алдай саламыз деп ойлады, ол кері эффект беріп масылдық туғызды.
3. Және хайп қуған журье-блогерлер осындай популистік ұрандардан шыққан арамтамақтықты қоғамның миына шегелеп қойды. Жоғын жоқтаған болып өзіне трафик һәм подписчик жинады, нәтижесінде нигилизм айықпас дертке айналды.
“Жұмыс істе” деген ешкім болмады. Әйтпесе безендіру ақшасын халыққа бер деген не әңгіме?! Соны түсіріп, таратып отырған да журье-блогер ғой.
Мақұл, безендіру ақшасын халыққа берсін. Сосын асфальттың ақшасын, труба ауыстыратын ақшаны да, бәріміз суық, серый қалада тұрайық, зато әркімнің үйі болады.
Негізі әр салаға бөлінетін қаржы бар, соның тиімділігін зерттесе дейсің, ол бөлек қисса.
Вот, үкімет соны тиімді неғылса, нәтиже берсе ол.
Сосын еңбек адамын насихаттаса, алақан жайып алысқа бармайсың, еңбек пен төзім ғана ұшпаққа жеткізетініне сендірсе. Қоғамды осылай сауықтырса дейсің.
Бірақ ол аз уақыттық абырой да, трафик те, подписчик те әкелмейді ғой.
Автор: Алмас Тоқабаев
Сурет: pixabay.com