ҚР ҰҚК шекара қызметі академиясы сөзден іске көшті. . .

4.12.2014 жылы Елбасының жолдауларын жүзеге асыру және Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жастар ұйымдары тәжірибе алмасуы үшін  ҚР ҰҚК ШҚ Академиясында «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастардың ролі» атты дөңгелек үстел өтті.

Алматының 18-ге жуық ЖОО басын қосқан бұл жиында жастардың бірлігі, ауызбіршілігі аясында сөз қозғалып, бірігіп ел ынтымақтастығын қалыптастыру жолында идеяларды ортаға салды.

Подполковник Дүйсенова Салтанат Сланқызы Кәсіби тіл дайындығы кафедрасының меңгерушісі : 

Елбасымыздың салиқалы саясатын қолдау барысында біздің оқу орда әр жылда да белсенді. Бұл бас қосу біздің курсанттардың тілегі. Қаламыздағы жалынды жастардың басын біріктіру үлкен ерлікпен тең деп білемін. Оның үстіне  тәртіпке аса назар аударатын территорияда. Сондықтан да бұл іс жалғасын тапса демекпін.

Бас қосуда аса белсенділік танытқан Азаматтық Авиация академиясы, Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университетінің студенттері, ҚР ҰҚК ШҚ Академиясынан ұйымдастырушы Темірлан Амануллаев, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінен «Алтын ұя» журналының бас редакторы - Айдар Мырзабек те өзекті ойларын ортаға салды.

«Біз патриот болуымыз керек. Біріксек қана еңселі ел боламыз» деген сөз ел тәуелсіздік алғаннан бастап айтылып жатса да , оны қолға алып жатқан ешкім жоқ. Біз бірігуді бастадық. Келесі эстафетаны енді басқа ЖОО  жалғастырса дейміз. Біздің тілегіміз кезіндегі Мағжандардың ізін жалғап, қазақтың өркениетіне кішігірім болса да өз үлесімізді қосу»,-дейді курсанттар.

Кездесуде ҚР ҰҚК ШҚ Академиясында білім алып отырған жастар Отанымыздың тыныштығын сеніп тапсыратындай өрен екендерін дәлелдеді. Патриоттық сезімді қалыптастыруда осы курсанттардан үлгі алсақ. . .



Бөлісу: