ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК
жеке
блог

  Қыркүйек айының 8-ші жұлдызында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев премьер-министр қызметіндегі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовті қызметінен босатып, жаңа қызмет ҚР ҰҚК-нің басшысы етіп тағайындады. Бұл шешім 8-ші қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткен Сенат отырысында мақұлданды. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

  Аталған өзгерістер ғаламтор пайдаланышуларының арасында қызу талқыға түсті. Әсіресе, әлеуметтік желілердегі пікір қалдырушылар түрлі тұжырымдар жасады. Бірі бұл жайтты Елбасының Аспанасты еліне жасаған іс-сапарымен байланыстырса, бірі: "Кәрім Мәсімов - Елбасының сенімді адамы, қауіпсіздік камитеті арқылы Елбасының жауларымен күрес жүргізу үшін",- деп топшалады. Ендігі пікірлерлерде Кәрім Мәсімов биліктің үлкен шыңын көздейді мыс. Елбасымыз бұл жайында былай деді: "Біріншіден, бұл қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қажет болды. Және Кәрім Қажымқанұлы берілген тапсырмаларды толыққанды орындады". Ал, сіздің ойыңызша аталған өзгерістер не себепті болуы мүмкін?