ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаметінің ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарға "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңының жобасымен таныстырылды.

Мекеменің арнайы контингенттер арасында тәрбие бөлімінің бастығы Ғабит Бердишев және жасақ бастығы әділет капитаны Умитай Бисенбекова сотталғандарды теледидар қарау бөлмесінде басын қосып санитарлық талаптарды сақтай отырып толыққанды түсіндіру жүргізді.

Сотталғандар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды және сұрақтарына толық жауап алды.