Анаға сыр
(Мен анамды әже деп өстім)
Көтерілсе күн зерін төгіп нұрдан,
Жатушы еді жүрекке егіп сыр дән.
Әже, сенің мейірің емес пе еді,
Ізгіліктің ізетін көп ұқтырған.
Құзғын сәрі болсада жанға жайлы ақ,
Құюшы еді мезгілім таңда май бақ.
Ертеменен асығып сүзген құртты,
Төгіп кетіп жүруші ем аңдамай қап.
Қимаушы ең болсам лайық кінәға сан,
Көңілге қардай аппақ тұрама шаң?!
Тиссе біреу өзіңде бекінісім,
Құшағыңа сарбаз боп тұра қашам.
Қыранға қашанда өршіл қия-тұғыр,
Кетпесін арман ,шіркін, мияты құр.
Азамат болу үшін деуші ең сонда,
«жоғалытпау керек ұдай ұятын ұл!»
Тәрбие-тез түзелер тағы бойым,
Жүргем жоқ бүгін мүлдем бағып ойын.
Төксемде қазаныңнан құртыңды ана,
Төкпеспін мәңгі әулеттің абройын!