Көзілдіріктің әлегі...

Менің Зере деген досым бар.Соның Айғаным деген әпкесі-студент.Ол ауылда тұрады.Анда-санда Зереге,біздің ауданға келеді.Жаздың жайма шуақ күндерінің бірінде мен құрбымның үйінен Айғанымды көріп,біраз шүйіркелестік.Ол маған өзінің студентттік кезеңінің ең қызықты сәті туралы баяндап берді.Ендеше Айғанымның сөзіне құлақ түрелік:

-Бұл менің студенттік кезімде болған жағдай. Сабақтан шығып, орталық базарға бет алған бойым. Көзімде күннен қорғайтын көзілдірік. Керім болып келе жатырмын. Содан автобусқа мінгенімде жаңағы көзілдірікті шешіп қойдым. Орталық базарға жеткенде көліктен түскен бетте жаңағы көзілдірікті тағып алдым. Сонымен келе жатырмын. Базар болған соң адам көп, ығы-жығы. Алдымда келе жатқан адамдар маған бір түрлі жымиып қарайды. Содан көзімнің ауырғанын сездім, бірақ күндегідей ғой, күні бойы тақтаға қарайсың, көзілдірік сорып тастаған шығар деп, мән берген жоқпын. Байқаймын кейбіреулері күледі, сыбырласып бір-біріне мен туралы айтып жатқан сияқты. Үстіме қараймын, бір жерім ашылып келе жатқан шығар деп, жоқ, бәрі дұрыс. Сонымен базарды аралап, үйге қайтайын деп, газельге міндім. Орын бар екен, отырдым. Жаңағы күннен қорғайтын көзілдірігімді шешсем, мәссаған, бір әйнегі түсіп қалыпты. Енді күлейін десем жағалай адам отыр, мынау жынды ма деп ойлар деп өзімді әрең ұстап отырдым. Содан үйге жетіп, мамама айтайын десем, күлкі өлтіріп бара жатыр, күліп жатырмын, айта алмаймын. Бастаймын да, сөзімді аяқтай алмай, күлем жатып алып.

Осыны естігенде күлкімді тия алмай да қалдым.Ой қызығын-ай десеңізші...

Студент достар,сіздердің де бастарыңыздан мұндай жағдай өткен болар.



Бөлісу: