Көзілдіріксіз әлем көркем

Көзілдіріксіз әлем көркем
жеке
блог

Көзілдіріксіз әлем  көркем  (Әңгіме)

 

   Бүгін ол кешқұрым тағы да көзілдірікпен ұйқыға жатты. Көзілдірігін шешіп қояйын десе, дәрігерлер оған келісім берер емес-ті. Күн сайын айнаның алдында отырып, өз көзіне өзі анық үңіліп, көзілдірікпен тұрған көзіне көз алмай қарай береді.

   Таң қылаң беріп, күн сәскелікке жақындағанда өз ойымен арпалыспай, табиғаттың қайталанбас құбылыстарын тамашалауға сыртқа шықты. Жан жағындағы болып жатқан ғажап дүниелерге тамсанып, таңғала қарайды. Құстардың сыбдыры, аспанмен астасқан асқар ала таулардың шыңдарын, өзен көлдердің құдды бір қаламы ұшталған суретшінің туындысы іспеттес болған жаратқанның бұл ісіне ұзақ, үнсіз сүйсіне қарады. Көзілдірігі өз көзіндей боп кеткен ол кенет қуанышы қойнынына сыймай жүгіре жөнелді. Сол сәтте көзіндегі көзілдірік көзінен таса жерде қалып қойды. Дәрігерлердің кеңесі құлағында жаңғырған ол, көзін тас қылып жұмып, жерді сипап, көзілдірігін іздестіре бастады. Оның бұл ісін ешкім байқамаған-ды. Бірақ көзілдірігін таппады. Көзін ашуға қатты қорықты. Ендігі есінде «мен көзілдіріксіз қалай жүремін» деген ойдан арыла алмады. Жүрегі толқып, көңілі бұзыла бастады. Аяғы бүгіліп, қолдары дірілдеп, орнынан әрең дегенде тұрды.

    Жолдың қақ ортасында тұрып қалған бұл бейтаныс кісіні жолдағы қатты жылдамдықпен келе жатқан машина қағып өте жаздады. Кенеттен қарсы кезіккен бейтаныс жолыққан өзімен жас аралығы шамалас кісі оны жолдың арғы бетіне шығарып, құтқарып қалды. Сонда да көзін ашпады.

   1)  - Неге құтқарып қалдың? Әлденеден сескенгендей селк ете түсті.

   2) - Неге олай дейсің? Сен жассың! Әлі де өмір сүруге тиістісің.

 

1)       - Жоқ сен менің жағдайымның қандай екенін білмейсің. Білмегендіктен олай айтудың еш  қажеті жоқ. Маған дәрігерлер осылай кеңесін айтты.

2)       Сонда да сен соның бәрін жеңуге міндеттісің. Соныдықтан сәл де болса, үмітіңді еш үзбе.

      Ол қобалжи-қобалжи әрең дегенде көзін ашты. Жанарынан ізгіліктің нұры тамып, көздеріне күш бітіп, жан жағындағы оқиғалар бұрынғысынан да әдемі көрінді.Көзілдіркіпен қарағандағыдан да айнала бұрынғы кездегіден құлпырып, тамашалана түсіп, жиілене көрінеді. Ол өз өмірін аман алып қалған жанға әлгінде айтқан сөздері үшін кешірім сұрап, бір мәмілеге келді.  Бұл оның бойындағы алай-дүлей арпалысты жеңуіне, осалдықпен күресіп, жігерлі болуына ұмтылдырған адам арқылы көзілдіріксіз әлемнің көркемдігін шын жүрегімен ұғына білді.Өмірді тану, өмірдегі түбірлі оқиғаларды саралай білу, кез келген жағдайға болжам жасауды, шынайы жүрек көзімен қарауды танып түсінуді меңгеріп, көркем дүниенің көркіне көз алмастан жанарына қуаныштан алған жастардың толастамай келер күнге үмітпен, шынайы сенімділікті қалыптастырып, оны бағалай білуге ұмтылыды...

 

                                                           Тоқшылықова Айжан Каналбекқызы