"Көзқарас"

"Көзқарас"
жеке
блог

      Жаратқан Құдайдың өз пендесін бірдей етіп жаратқанымен, әркімге әрқалай сынақ берген. Біреуге байлық береді, сол байлыққа масаттанып кетпейме екен деп.. Біреулерге жоқшылық кедейлікті береді сағы сынар ма екен деп.. Енді бір адамдарды науқас етіп "мүгедек" арбасына танып қояды..пенделерім осы сынақтарға төтеп беріп, шыдай алар ма екен деп сынайды екен. Рухы мықты, өз-өзіңе сенімді адамдар ғана бәрін де жеңе алады деп ойлаймын.

Қоғамдағы "мүгедек"  жандарға қалай қараймыз?,- деп бір сәт ойланып қарасақ екен. Неліктен біз оларға басқаша көз қараспен қарап жатамыз? Құдды, соның жаныңа жақындап кетсек сол ауруы бізге жұғып кететіндей.. Оларда біз секілді қарапайым адамдар екенін естен шығарып алып жатамыз көп жерде. Оларға біздің аяушылық танытып қарағанымыз емес, өздерімен тең қатарда көргенімізді қалайды.  Адамдардың бәрі бірдей...тек тағдырлары әрқалай тоғысқан. Осыны ұмытпасақ екен. 

Пы.сы: Сіздің ойыңыз қандай замандас?