Көзгетышар

Көзгетышар
жеке
блог

Бізден екі жас үлкендігі бар ауылдасым бала кезінде «көзің неге қисық?»деп сұрағанымызда «көзіме шыбын тышып кеткенде насыбайды көп тамызтып жіберген» деп түсіндіретін. Рас-өтірігін кім білсін.Бірақ әлгінің марқұм әкесінің екі көзі екі жаққа қарап тұратын.
Әйтеуір біздің Жаңаарқа көлемінде «Көзіме шыбын тышып кетті» десе ешкім таңқала қоймайды. Кәдімгі етке тышып кеткен тәрізді көзіңізге құртын шашып кете салады кей шыбындар. Кәдімгі қара шыбын бұлай істей алады ма біле алмадым. Әйтеуір, бала кезімде көрген «көзгетышар» деп аталатын шыбынның жіңішке ақ жолақтары болатын. Зебранікіндей. «15 жасар каптиандағы» Бенедик ағай ажыратып бермесе нақты атын біле қоймаймын негізі.
Ат үстінде келе жатып көзіне құрт түсіріп алған кейбіреулердің көзіндегі құрттар 2-3 сағаттан соң тіріліп, жыбырлап кәдімгідей әуреге салады екен. сол үшінде мүмкіндігіңіз болса бұның алдын алған жөн. Біздің өңірде бұндай сәттерде дәкеге бір шөкім насыбай салып, оны сулап шыбын үлкен дәретке отырып кеткен көзге тамызтады. Шамалы уақыттан соң өлген құртарды жұмсақ матамен көзіңізді сүрту арқылы алып тастауға болады. Көздің жиегіне ашылып-жұмылған кезде шығып қалып жатады кейбір кездерде. Енді бір жақтарда көзге жүзім сөлін де тамызтады деп естідім.