Көзге арналған гимнастика 30/90
блог
Бүгін міне, экспериментімнің үштен біріне жеттім. Қызық. "Адам дүниеге ессіз келеді,есалаң өмір кешеді,ал уақыт....уақыт болса зымырап өте береді". Бір қойылымнан есімде қалған сөз. Шындығында, бір ай зулап өтті де кетті. Күнде есеп беріп, блог жазуға уәде бергеніммен, өкінішке орай, соны орындауға мүмкіндігім жоқ. Басты себебі- көзімнің көруінің нашарлауы.
Кішкентайымнан дәрігер атаулыға барғанды ұнатпаймын. Бірақ осы жолы баруыма тура келді. Кезегімді күтіп отырғанда байқағаным, келушілердің 90 % оқу жасындағы балалар. Көзілдірік таққандарына қарамастан, қолдарында бір-бір гаджет. Оларға "әй дейтін әже, қой дейтін қожа" жоқ. Ата-аналары да инстаграм мен ВКонтактіні қарап әлек. Кейде осы техниканың пайдасынан зияны көп пе деймін...
Дәрігердің нұсқауымен, енді маған да 20 минуттан артық не компьютерге, не теледидар көруге, тіпті телефонды "шұқылауға" РҰҚСАТ ЖОҚ! Сол себепті блогты ара-тұра жазып тұрамын. Бірақ сапалы материал жазуға уәде беремін. Ойымда жүрген бір-екі идеям бар еді ;)
Енді 15 күн қатарынан емдеу шараларын қабылдап, 1 пакет дәрі-дәрмек ішуім қажет. Сонымен қоса, күніне 2 рет көзге арналған гимнастика жасауға тиістімін.
Сіздерге де қажет болар деген үмітпен, бөлісбекшімін.
1. 3-5 с. көзіңізді тарс жұмып, 3-5 с.-қа қайта ашыңыз. 6-8 рет қайталау керек.
2. 1-2 минут көлемінде көзіңізді тез жыпылықтатыңыз.
3. Тура алдыңызға 2-3 с. қарап, оң қолыңызды көтеріп, 3-5 с. аралығында бас бармағыңызға қараңыз. Қолыңызды түсіріңіз. (10-12 қайталау)
4. Оң қолыңызды алдыңыздан көтеріп, сұқ саусағыңыздың ұшына қараңыз. Көзіңізді алмай, қос көрінгенше, баяу саусақты көзге жақындатыңыз.(6-8 рет)
5. Оң қолыңызды оңға қарай көтеріңіз. Басыңызды бұрмай, қапталыңыздағы сұқ саусақты көруге тырысыңыз. Саусақты оңға, солға бұрып, көзіңізді саусақтан алмаңыз. (10-12 қайталау)
6. Көзіңізді жұмып, қабағыңызды саусақ ұшымен 1 мин.көлемінде уқалаңыз.
7. Көзіңіз жартылай жабық. Әр қолдың 3 саусағымен бір уақытта жоғарғы қабағыңызды басыңыз, 1-2 с. көлемінде осы қалыпты ұстаңыз. Сосын қабақтан саусақтарыңызды алыңыз. (3-4 рет)
Осы 7 пункттен тұратын гимнастиканы күніне кем дегенде 2 рет қайталасаңыз, көзіңізге едәуір көмегін тигізеді. Әрі, көзілдірікті сұлулар мен сарбаздар қатарына қосылмауыңызға сеп.
Өзім сондай Мисстердің бірі болғалы қашан. Эхх, шіркін, айналаңды тұп-тұнық көргенге не жетсін?!...
Псы. Қанша рет блог жазып едім, жазбамды лақтырып тастай береді сайт. Онымен күресудің жолы бар ма? Кім біледі? Көмектеріңізге рақмет =)