Көзден кетсе, көңілден кетеді

Көзден кетсе, көңілден кетеді
жеке
блог

Кілттеніп құлпы жүрегімнің,

Рас,

Көңілім қалды сенен мына менің.

Бір кісідей сыйлап едім өзіңді,

Өтпе енді көпірінен өзенімнің.

 

Ортақ жырымыз болса да,

Жолымыз бөлек екен.

Тәңір бізді жолықтырса да,

Тағдыр оған әлсіз екен.

 

Ойың түзу, санаң бар қалыптасқан,

Пейілің пәк, темірдей тат баспаған.

Әйткенмен, мінің сенің кетік,

Көрінгенге сүрініп, ақсап қалған.

 

Ұмтыласың тырысып сен өрге,

Биіктегің келеді, мініп төрге.

Тәңір тартуының нарқын білмей, әсте,

Өзгенің сөзіне ересің сен неге?!

 

Жанарың бар, бәлкім, оны байқар,

Өкпем бар іште саған айтар.

Көңілім қалды өзіңнен,

Төгілген соң орынсыз айыптар.

 

Жіңішке жолы бар қыз баламын,

Жадыдағы сұрағына гәп табатын,

Өрелі мінез, бойдағы қуат арқасында,

Күшім бар алдыма даңғыл салатын.

 

Күн туар ай-жұлдызым жанатын,

Ем табылар көңіл жарасын жазатын.

Артқа бұрылар сәт бола ма, тек

Өткен күннің есігін бір қағатын.

 

Жоқ!

Мен өткенге өкінбеймін,

Бармақ тістеп, өксіп те өлмеймін.

Артқа көз тастап, ақылмен,

Сұм сәттерден қиналмай өтсем деймін.

 

Кілттеніп құлпы жүрегімнің,

Рас,

Көңілім қалды сенен мына менің.

Бір кісідей сыйлап едім өзіңді,

Өтпе енді көпірінен өзенімнің.