Сәлеметсіздер ме? Қыздар макияж жасағанда подводкамен сызық сызу көп қыздарға қиындақ тудырары анық. Бүгін сызық сызудың оңай жолын көрсеткім келеді.
1. Көзіңіздің үстіне қажетті теньді жағып алыңыз.
2. Кірпігіңіз аяқталған жерден подводкамен сызық жүргізіңіз. (өзіңіз қалаған ұзындықта)
3. Өзіңіз сызған сызықтан бастап, кірпіктің аяқталған жерінен ортаға қарай 1 сантиметрлік ұзындықты есептеп ол жерден аяқтаңыз. (арасы қуыс болып калуы керек)
4. Кірпігіңіздің үстіне сызық жүргізіңіз. ( ол сызық кірпік үстінен бірнеше мм жоғары сызылып, қуыс пайда болуы керек)
5. Сол қуыстарды подводкамен толтырыңыз.Назарларыңызға рахмет!