Көз көрмейтін кедергі

Сәлем "Массагеттіктер!!!" Қалдарынызды жақсы деп ойлаймын.))) Жалпы, менің жазбам мамандық жайлы болғалы тұр."Әр кімнің өзіндік бағындырар шыңы мен өзіндік қолтаңбасы бар" дегендей,әр кімнің таңдауы әр түрлі болады.Біреулер мамандықты оның "мансабы" үшін таңдаса,енді біреулері шын жүрек қалауларымен таңдайды.Мамандық жайлы жазба жазуыма мамандық таңдар алдындағы оқиғалар түрткі болды.  Алла бұйырса,биыл мектептепті бітіріп,үлкен өмірге аяқ басамын."Жас түлек" десек осы сөздің сыңары іспеттес ҰБТ-да есімізге сарт ете қалады.Бұған да аз уақыт қалды:53 күн.Таңдау пәнім:қазақ әдебиеті болды."Әдебиет" десем болды,естіген адамдар төбелерінен жай түскендей селт ете қалады. Сосын сұрақтарды аямай жаудыра бастайды.Біз мектепті бітіретін болғандықтан қаладағы әр түрлі ЖОО-ның мүшелері келіп,өздерін жарнамалап кетеді.Бірде  техникалық универдің атынан келген студент менен мамандығым жайлы сұрады:

-Таңдау пәнің қандай?

-Әдебиет.

-Әдебиет? Неге басқа емес?

-Неге басқасы болуы керек?Маған ұнайды. Болашақта журналист болғым келеді. Сондықтан осы пәнді таңдадым.

-мм.Қорықпайсың ба?

-Неден қарқайын?

-Әдебиеттің сұрақтары қиын ғой.Тіпті шектеусіз десем де болады. Сен тестке кіргенде білмейтін сұрақтар келіп қалса қайтесің? 

-Оңай ешнарсе жоқ қой,тыңғылықты дайындалып барам. Ал,мен білмейтін сұрақтар маған келмесін деп Жаратушыдан тілеймін.

-Иә,ондайдан Алла сақтасын!... Әдебиет таңдасаң журналисттен басқа ешқандай мамандық иесі бола алмайтын сияқтысың.Оған грант аз бөлінеді,ал түсушілер көп деп естідім.Қазір не көп,жұмыссыз жүрген журналисттер көп. Қай каналды алсаң да,әнші немесе әртістер тележүргізуші болып жүр. Ертең дипломыңды қолыңа алып,бармақ тістеп қалмайсың ба? одан да бір физика,химия,биологи сынды жаратылыс пәндерін таңдамадың ба? ааал,енді таңдауыңды өзгертетін ойың жоқ па?

-Жоқ.Менің таңдауым-осы!Болды!Бітті!Таңдауымды мөрлеп,сеніммен "жүрек" деген қобдишама салып қойғанмын.

-Жарайды,өзің білесің ғой. Сенің өмірің.Жақсы онда, сәттілік тілеймін.Болашақта арманыңа жетуіңе тілектеспін.

-Рахмет,рахмет!

    Міне,осылай. Бәрі мені райымнан қайтарғысы келеді." Журналист-өсекші деген сөздің синонимі. Ертең бір шындықты жазсаң басыңа бәле тілеп аласың.Жұмыссыз қаласың!Отбасы құрасың болашақта,сонда саған жұмысың өз кері әсерін тигізеді.Ол мүлдем мамандықтар қатарына жатпайды ғой. Жалақысы да аз,үй ішіңді,өзіңді қалай бағасың?Диплом алып,жұмыссыз жүрсең не болады?" Осындай сұрақтардан әбден жалықтым.Осы сұрақтар мен үішн көзіме көрінбейтін кедергі,құлағыма естілмейтін сыбыс тәрізді болып қалды.  Журналист болу  деген менің арманым ғой.Бұл мамандықты 3-сынып оқып жүргенде таңдағанмын. Кім не айтса да,мән бермегендей болып келе жатырмын. Алла қаласа, арманыма жетемін деп ойлаймын.

Жалпы,достар!Сіздер қалай ойлайсыздар? Журналист деген кім? Оның болашағы бар ма? "Журналист мамандық емес" дегендерге қалай жауап беруге болады? Сіздің де басыңызға  дәл осындай жайт келсе не істер едіңіз?



Бөлісу: