КӨЗ АЛДЫМДА БІР КЕЗДЕГІ ҚЫЗЫҚТАР

Бұрынырақта оқып шыққан кітабым қолымда. Парақтап отырып, есіме біраз дүние оралды. Асылымның шимайы... сол кезде, бір беттің былғанғанына бола ұрсып едім, ал қазір өкінемін... дәл сондай мың бет бар, оны шимақтап, сызар періштені қайдан табамын?

 

Біреулерге шимай шығар мәні жоқ,

Түн де емес, атпас тағы таңы боп,

Менің жаным, жүрегім мен көңілім,

Көл болады шимай үшін әлі көп.

 

Әр кітаптың бетіндегі сызықтар,

Мазалауда, өртеп жатыр тек іштен,

Көз алдымда бір кездегі қызықтар,

Сол бейнеде оралады періштем.

 

Талай түн мен күндерімнің айғағы,

Болар алда шимақ-шатпай көбірек

Сағынамын көргім келіп Айдағы,

Асылыма телміремін еңіреп.

 

Сынған сенім, өшкен үміт отымен,

Күн өтуде жағаласып түнмен де,

Өксігімді доғарайын осымен,

Деп тырысқан қуаттымын тым мен де.

 

Қуатымды сақтап ұста, жаратқан,

Жалбарынған сипа бастан құлыңды,

Тілек тілеп сізге бізді қаратқан,

Сақтап жүрші, Асылымдай құлынды?!



Бөлісу: