Қойылымға дейінгі қойылым

Күн - сейсенбі. Алматы күндегідей "жылап" тұр. Өзі ғана жылап жалықты-ау деймін, менің де көзіме жас әкелді. Жылап қана қоймадық, күлдік те... Қой, көп созбай әңгімемдіі бастайын.

   Ғ.Мүсірепв атындағы балалар және жасөспірімдер театрында бүгін "Махаббат пен ғадауат" атты қойылымының болатынына алдын ала хабардар болатынбыз.Айгерім жасаған өзбекше палауды апыл-ғұпыл жеп алдық та, киініп шығып кеттік. Жаңбыр құйыыыып тұр. Қолшатырымызды ашып жібердік те "Қайдасың, Мүсірепов?" деп тартып кеттік. Банкоматтан соңғы мың теңгемді алдым да, қалтама сала салдым.ұялы телефоным да осы оң жақ қалтамда болған. Аялдамаға жетіп те қалдық. Көп ұзамай алыстан "32"-нің төбесі де көрінді. Көппен сығылысып автобусқа кіріп барамыз. Бірін-бірі итеріскен жандар, суға белшесінен батып шыққандай үрпиген студенттер ішке кіруге жанталасып жатыр.Бәрінің түрі суық, қимылдары суыт. Ауа-райынан сезілген салқындылық олардан да сезіледі. Сонымен не керек, ішке кірдік көппен итерісіп. Кенет біреу арқа жағымнан қатты итере бастады. Сығылысып тұрған жолаушылардың арасынан сығалап қарасам, қара торы, түрі суық жігіт екен итеріп тұрған. Алға қарай барып тұрдым. Біраз аялдама асқаннан соң сағат қарамақ болып қалтама қолымды салсам, телефон жоқ. Екінші қалтама қол жүгіртем дегенше "Осы қалтамда боп шықса екен"деп тілеп те үлгердім. Олай болмай шықты... Абдырап қалдым. жанымда отырған әйел мұнымды сезген болу керек, бірден былай деді: "сендер автобусқа мінгендеріңде артқы жақтан бір ұзын, қара жігіт сенің арқа жағыңнан суыт қимыл жасады. Қателеспесем, қалтаңа қолын салып сол алып кетті. Өйткені ол мінген аялдамадан қайта түсіп кетті". Иә, есіме түсті, анық сол алды. Қымбат дейтін қымбат та емес ед.  Ағам еңбектеніп алып берген телефоны болатын. Адал еңбекті арам ойлы, арам қолдылар оңай еншіленіп кеткеніне ішім ашыды. Автобустан түсіп, театрға қарай тарттық. Жаңбыр әлі де құйып тұр. Әбден "дария" кешіп жүріп, театрға жеттік. Кассаға билет алмақ боп жақындасақ, кассир: "Қыздар, бүгін қойылым болмайды, кейінге қалдырды" дейді. Қатты ашуландық. Театрдан көрмеген қойылымды автобуста, сосын жаңбыр астында тамашаладық.



Бөлісу: