«Қойшылар алгебрасы»

«Қойшылар алгебрасы»
жеке
блог

     Тоғызқұмалак қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі «Тоғызқұмалақты » кейде койшының алгебрасы деп те жатады. Оның мәні бар.  Себебі бұл ойынды тапқан қойшы. Тоғызқұмалақ бұрын қойдың құмалағымен  ойналған, жерден тоғыз-тоғыздан шұңқыр, бір-бірден  қазан қазып алып  әр қайсысы сексен бірден құмалақ алған. Оны қойшылар жүрелеп  не  малдас құрып ойнайды екен. Кейін қазақ арасында кең тарап ұлттық ойынға айналған.

Тура осындай ойын түрі Африка құрлығында да бар. Омвесо деп аталады екен. Алайда Уганда елінде кең тараған бұл ойының ережелері де ойын тақтасы да өзгеше. Айта кететін бір жәйт, угандалықтар бұл ойын түрінен әлемдік біріншіліктерді де ұйымдастырып жүр.

     Қара құрлықта омвесо болса, араб елдерінде бұл ойын манкала деп аталады. Бұл ойынның да өз ережелері бар. Отаулар саны 42 екен. Ал бұл ойынның тарихына келер болсақ  араб мәдениетінің ескерткіші саналатын X ғасырда жазылған “Китаб уль Агани” атты кітабында осы ойын туралы жазылған.

   Ал бізде болса бұл ойын түрі тоғыз-құмалақ деп аталып кеткен. Бүгінде жастар қызығушылығы да бар. Чемпионаттар өз жемісін беріп жатыр. Ұлттық спорт түрлеріне енгізілген бұл ойынға да Самұрық-Қазына Қоры демеушілік жасап келеді. Бастысы жастар қызықса 4 мың жылдан бері тірі ойын әлі де тірі болып қала бермек.