"КӨЙЛЕК" қасық
блог
Бұл қызықты мен ғана білмей сіздерге де айтқым келді...
Әпкемнің төрт баласы бар. Үлкені үшінші сыныпта (Гүлназ). Одан кейінгі бес, үш жаста (Кәусар мен Абдурахман). Кенжесі екіде (Мұхаммед). Айт күндері әпкемдікіне барғанымда мынандай қызық көрдім.
Ол үйде де өзге үйлердегідей қасықтар бар "екен". Ас қасық, шай қасық дегендей... Сол қасықтар үшін Кәусар мен Абдурахман арасындағы "қасықтарға талас" деген күнделікті "шайқас". Гүлназ сәл "ересектеу" болған соң, "шайқасқа" араласпайды. Суретте көріп тұрғандарыңыздай, оларды нөмірлеп қойдым. Сонымен, №1 "ТАҚ" қасық, №2 "ҚАБЫРШАҚ" қасық, №3 "АҚҚУ" қасық, №4 "КӨЙЛЕК" қасық. Басқа-басқа, қайдан келгені белгісіз, арнайы біреу ғана сатып алынбағаны анық "КӨЙЛЕК" қасыққа деген талас, кәдулігі "жанталастай" болады екен. Себебі, ол біреу-ақ екен. Мұхамед те "шайқасқа" қатысқысы келіп, былдырлап, әйтеуір "КӨЙЛЕК" қасықты алғысы келетінін айтады. Бірақ кез келген қасықты "КӨЙЛЕК" қасық деп бере салсаң, тыныш отыра береді. Әр күні әркім жеңетін бұл "шайқас" "КӨЙЛЕК" қасық жоғалған күні тоқтайтын шығар....
Міне, осындай қызықтар. Ал, сіздер кішкентай кездеріңізде бауырларыңызбен "әшейін" затқа таласушы ма едіңіздер?