Қоя берші, студентке не айтасың...

Қоя берші, студентке не айтасың...
жеке
блог

Менің бір түсінбейтінім: СТУДЕНТ деген лауазымнан айрылған соң бәрін де түсінгендей боп, ділмарсып, жөн-жосығыңды салмақтайды екенсің... Содан қорытқан бір ой ғой. Айтқымыз келгені көп еді. Оннан бірі ғана шығар... Ал кеттік...

 

Біз жасырмаймыз, сіз жазғырмаңыз... Өтірік десеңіз өз сөзіңіз өзіңізде...

Тақырып: «Шәкіртақыны ұлдар қалай жұмсайды?» (Сұранып тұрған тақырып: Қыздар чЫ?)

 

Сонымен, қыздар төрт апта бойы шәкіртақы деген нәстені күтіп-күтіп, жалығып, әбден мезі болса «ломбард» деген подружкасына бара салады. Оңай-ақ! Біз құрғырда ол да жоқ! Ақшаңі жоқ па, аштан қат! Маған не дейсің! Қыздарға оралайық... ломбард жайлы... Оған ешкім де күштемейді. Өзі... (Өзімнен де бар еді... дегендей ғой) Егер төзімі тас бұғаудай филфактың бір қыздары сияқты болса бейне бір әжелерге ұқсап тиінін түйінге тырнақтап тұрып жыйнайды ғой! Көріп пе едіңіз! Көргемі-і-із!

(Тақырыпқа байланысты оқиға: Бірде жатақта түнгі жорықта жүргенбіз. Қайбір қыз іздеп дейсің! Тамақ! Сөйтіп, бар жыйған ұятымыз бен намысымызды шылп еткізбей қалтаға тыға-мыға қыздардың бөлмесіне бас сұқтық. Бауыздалғалы тұрған тоқтыдай боп орындарынан қозғала алмай абдырасып қалып жатады. J  Әлгінде есікті ашқан қыз енді бар міндетті мойнына алады. Әйтпесе... иә, әйтпесе! Жаңа ғана шәйын ішіп болған, ол десеңіз тамақтың кешкі астан қалған үштен бір бөлігін «таңға!» деп қойған ас-пұлдарын шығарып әлектенеді. Олай болмаса ұят болады! Балалар сосын білмей ме кімнің кім екенін! «ә! Анау бөлме былай еді, мынау бөлме былай еді» дегендей... Шын мәнісінде осылай қыздар ғана ойлайды. Ал асқазанын лықа толтырған жігіттерге ол бөлмені енді бір аптадай уақытқа амалсыз ұмытуларына тура келеді. Өзгелерге мақтап баруды да ұмытар, бәлкім... J  Сонымен, Бірде сөйтіп кіріп барсақ, есіктің арғы бетінде у-шу, кунг-фу дегеннің көкесі болып жатқанға ұқсайды. Диалог былай:

-         Тәк, қыздар! Қазір лампочка сатып алу керек! 35 теңге! Екеуің 10-10 теңгеден беріңдер. Қалған бес теңгесін мен-ақ шығарайын. (Жомарттығын қарай гөр дедік сырттаJ Сосын... сосын тағы басқандай кәкір-шүкір...)

Анау бөлмеге тамақ іздеп қалай кіресің енді? Аңтарылдық та қалдық.)

 

Сонымен... шәкіртақы түскенде жақсылық емес, басыңа бәле келгендей болып, әрлі-берлі қарап, абдырап қаласың ғой. «Қайда жаратамың» маңызды мәселелердің топайкөгі! СЕНБІ немесе ЖЕКСЕНБІ! Міне керек десеңіз! Бұл күн армандаған, БІР АЙ БОЙЫ САРЫЛА КҮТКЕН ұлан-асыр той! Бұл күні махаббат-сахаббатыңыз маңызды емес! Қыздар сені танымайды да! Ойланып, отырып, «осылар маған бірде шай-тамақ» беріп еді, пайдам тисін» деп, көмектесейін, заттарын көтерейін дейсің ғой. Жо-жоқ, ирония ғой, оған да бой бермейді бұ қыздар! Күлесің де қоясың 

Қыздар жағы құдай берген, аман болғыр барахолка деген жер бар. Барахло ма десек, жоқ! Қайдағыыыы... ең керекті, ең әдемі, ең өтімді, ең...ең...сондай «еңдерді» жинап алған базар бұл. Себебі арзан... олай болмаса да бет қызартпай-ақ саудаласасың! Как будтооо, заңды түрде құқығыңды талап етіп тұрғандай болып кергисің ғо еще! Эхехей, қайран, балғын күндер-ай дешиш! Сөйтіп, қыздар продукты-мродукты алып, сөмкелерін киімге толтырып, түйінін босатып, соноооу өрістен қайтқан танадай боп миығына тіреліп келе жатады ғой. Қыздар бүйтеді-сөйтеді... киім-кешек, одан қалды... басқа опа-далап, қоқыр-сауыт алыпты... Бұл ақпар бізге жеткен соң біз де қарап отырамыз ба? Шіреніп, пысық түр жасап алып, ал кеп барахолкаға аттанасың ғой. Киім дегенге о бастан қызықпайсың. Ты чеееее? Біз деген... біз деген... жігіттерміз ғой! Қайдағы киім?! Сөйтеміз де ірілікке көшеміз. Ірілігіміз сол: партмоне... кітап... гирь... гантель... Болды! Одан басқа түк те алмайсың! Себебі ақша жоқ! Анау ауыр кір тастарынан кейін ештемеге батпай қалады екенсің... Сөйтіп, аласұрып, аһ ұрып, көк тиінсіз автобыспен қайтып келесің ғой. Қызығы қызық. Не деген сауатсыздық деп те ойлаймын кейде...  

Жетпейді емес, жетеді, әрине. Бірақ осыны үнемдеп ұстап, керегіне ғана жарату деген бір болсайшы... Қарның ашады (тура мағынасында да астарлы мағынасында да!) Солай! Студенттерге айтарымыз осы еді...