Қосылмаған әрбәле

Қосылмаған әрбәле
жеке
блог

1. Кеңсай бiрге жазылады. Себебi қоссөз.

2. Кеңсай аударылмайды. Ол географиялық термин. Осылай жалғаса берсе, онда Алакөлдi - "Разноцветное озеро" - деп аударамыз ба? Ертең Алматыны мүмкiн "Яблоко-ты" деп аударар есуастар?

3. Шоқая деген кiм? Ондай адам бар ма бiздiң тарихта?

4. Сарсенбаев деген кiм? Әбу Сәрсенбаев және Алтынбек Сәрсенбаев дегендер бар. Бiрақ Сарсенбаев деген кiм???

Қазақ тiлi неге осынша ұятқа қалып отыр? Оның бiр себебi мынада: сiздер бен бiздер құзырлы органдардан қазақ тiлiнiң қазақ жерiнде үстемдiк құруын талап ете бiлмеймiз. Өз ұлымызды өзiмiз жетiмсiретiп отырмыз. Сорақысы сол, оны пайдалануды да әлiптi таяқ деп бiлмейтiн мәңгүрттерге берiп, қойып осылай ұятқа қалып жатырмыз... 

 

 

cr:vk.com

Автор: Ержан Алаш